Біртанов Үкіметте Астанадағы ана өліміне қатысты баяндады
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында Астана қаласындағы перинаталдық орталықта тіркелген ана өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Сағынтаев баяндамашыдан «Астана қаласы бойынша ана өліміне қатысты тағы да ақпарат шықты, не себеп?» деп сұрады.
Өзкезегінде, Елжан Біртанов Астана қаласында осы жылдың ішінде 4-ші жағдай тіркелгенін растады.
«Қазіргі күні қажетті зерттеу жұмыстары өткізілуде. Бақытжан Әбдірұлы, оның себебі бәрі шілде айында болғаннан кейін анатомиялық, морфологиялық зерттеу біткен соң ақпарат береміз. Біз қазір Астана қаласындағы амбулаториялық деңгейдегі осы әйелдерге қандай қызмет көрсетілгенін тексеріп жатырмыз. Арнайы штаб құрылған. Астана қаласының әкімшілігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Үлкен мәселе бар деп айтуға болмайды. Кейбір жағдай әйелдің негізгі денсаулығына байланысты. Бірақ жалпы перинаталдық орталықта тексерістің бәрін жүргіздік. Санитарлық эпидемиялық режим дұрыс. Әрі қарай жұмыс істеп жатырмыз. Ақпарат беремін», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетсек, 16 шілде күні №2 перинаталдық орталықта жаңа босанған жас ана өлімі тіркелген болатын.
Baq.kz