» » Денсаулық сақтау министрлігі қағазды амбулаторлық карталарға ресми түрде тыйым салады

Денсаулық сақтау министрлігі қағазды амбулаторлық карталарға ресми түрде тыйым салады


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда амбулаторлық карталарға ресми түрде тыйым салынады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мәселесі әкімдерге жүктелді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауру тарихы мен қағазды амбулаторлық карталарды пайдалануға тыйым салатын боламыз», – деді Біртанов алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жаңғырту және басымдықты дамыту жөніндегі кездесуде.
Министр ғаламтормен қамтамасыз ету мәселесі республика үкіметінің ерекше бақылауында екенін ескертті.
«Енді, әрине, сандық жүйеге кірісу қиын. Бірақ оны созып жүре бергенше, қазір бастаған жөн. Ауру тарихы, амбулаторлық карталардың бәрін қолмен жазып, кейін түні бойы отырып оны компьютерге көшіру сұмдық»- дейді Біртанов.
Министр бұл бастама – дәрігерлер үшін жаңа дәуірдің бастамасы екенін атап өтті.



http://stan.kz
13 сәуір 2018 ж. 741 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930