» » Адамның бетін жабатын киімге тыйым салынбақ

Адамның бетін жабатын киімге тыйым салынбақ


Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың ерекше белгілерін қалың бұқараға насихаттап көрсетуге тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын таныстыру барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Деструктивті діни ағымдар» және «діни радикализм» атты жаңа түсініктер енгізіледі. Оларды енгізу дін саласында деструктивті қызметті айқындауға әрі оған баға беруге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар ұсынылып отырған құжатта деструктивті діни ағымдардың атрибуттарын және сыртқы белгілерін пайдалануға әрі жалпы түрде жариялауға тыйым салу қарастырылған. Бұл белгілерді ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-мен біздің бірлескен бұйрықпен заңға тәуелді актімен бекіту ұсынылады», - деп нақтылады Нұрлан Ермекбаев.
Осы орайда министр негізгі нышандар алдын ала қарастырылатынын атап өтті. «Екіншіден, жобада қоғамдық орындарда адамның бет ажарын тануға кедергі жасайтын киімді киюге тыйым салу ұсынылған», - деді Н. Ермекбаев.

29 қаңтар 2018 ж. 1 008 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031