» » Туыстары 29 жастағы өскемендік жігітті бір айдан бері таппай отыр (фото)

Туыстары 29 жастағы өскемендік жігітті бір айдан бері таппай отыр (фото)

Өскемен қаласының тұрғыны Дәурен Қасымовты туыстары бір айдан бері іздеп жатыр. Көрші елге жұмыстарымен кеткен ер адамнан әлі күнге дейін хабар жоқ деп жазады Устинка LIVE-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Даурен Қасымов. Фото: Устинка Live/Отбасылық архив

Із-түзсіз кеткен 29 жастағы жігіттің әпкесінің сөзінше, Дәурен шілде айының соңында Мәскеуге жұмыстарымен кеткен. Алайда 8 тамызда байланыс үзіліген. Содан бері оның ұялы телефоны да сөндірулі тұр.

Қазір ер адамның туыстары бауыры үшін алаңдап, жандарын қоярға жер таппай отыр. Себебі ол ешқашанда бұлай хабарсыз кетпеген екен.

Із-түзсіз кеткен Дәурен Қасымовтың белгілері: Қоңыр көзді, бойы 184 см. Ерекше белгісі оң жақ бетінде қалы бар.

Егер Дәуренге қатысты қандай да
бір ақпарат білетін болсаңыз мына нөмірге хабарласаңыз: 8 778 707 63 72.

nur.kz
04 қыркүйек 2018 ж. 602 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930