» » Мектепте жұмыс дәптерлерін пайдалану міндеттелмейді

Мектепте жұмыс дәптерлерін пайдалану міндеттелмейді


Аталған мәселе бойынша Атырау қалалық білім басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылы басталғалы әлеуметтік желілерде мектеп басшылығының ата-аналардан бастауыш сынып оқушыларына оқулыққа қосымша жұмыс дәптерлерін сатып алуын міндеттеуі туралы бірқатар шағым айтылды. Бұл сауалдарға қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек Абдолов жауап берді.

"Мектеп басшыларының ата-аналардан қосымша дәптерлерді талап етуі заңсыз. Заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады. Өздеріңізге белгілі әр оқулықтың салмағы ауыр, оған қосымша берілетін дәптер де ауыр. Екеуін қосып ұстайтын болса, балаға салмақ түседі. Дәптердің орнына қарапайым жұмыс дәптерін пайдалануға болады",- деді Алмабек Абдолов.

Айта кетейік, қазіргі таңда БҒМ және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, барлық оқулық, жұмыс дәптері және өзге де оқу құралын санитарлық нормаға сай келтіру жөнінде нақты стандарттар әзірлеп жатыр.

Baq.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 533 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031