» » Алматының голографиялық 3D макеті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді

Алматының голографиялық 3D макеті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді

"Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институтында Президент Big Data платформасын қамтитын ситуациялық орталықпен де танысты.




Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Алматы Бас жоспары” ғылыми-зерттеу институтына барды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты. Қаланың 10 жүйесі мен республикалық жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сонымен қатар бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматының үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар голографиялық макеті 3D-проекция түрінде таныстырылды

, – делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысы “Алматы Бас жоспары” ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматыны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

baribar.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 675 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031