Елімізде кеңінен танылған LOL қуыршақтарынан қатерлі дертке әкелетін зат табылды
Қазақстандық бүлдіршіндер арасында кеңінен танымал болған LOL қуыршақтарының құрамынан адам өміріне қауіп төндіретін заттар табылған деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ойыншықтардың құрамынан тиісті мөлшерінен бірнеше есе көп формальдегид пен фенол табылған. Ойыншықтардың тиісті легін Қытайдың "YiliHansonTradeLogisticsCo., Ltd" компаниясы жасап шығарған екен. Ал сертификатты Ресей тарапы беріпті.
Қазіргі таңда аталған мәселе ҚР ИДМ Техникалық реттеу комитетінің құзырына беріліпті. Аталмыш орган сәйкесінше осы жағдайға қатысты тиісті амалдарды қолға алмақ.
Сонымен бірге зиянды ойыншықтар Шығыс Қазақстан облысында табылғандығы анықталған. Қазіргі таңда қуыршақтар топтамасын сатылымға жібермеу шаралары қолға алынып жатқан көрінеді.