» » Халал өнімдерді ҚМДБ анықтайды

Халал өнімдерді ҚМДБ анықтайды


Қазақстанда өнімдер мен тауарлардың халал стандартына сай екенін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бекітетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Доғалов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Комитет төрағасына БАҚ өкілдері тарапынан: «Халал» деп белгіленген тауарлар көбейіп кетті. Ол стандарттарды кім беріп жатыр?», - деген сауал қойылды. «Бүгінгі күні бұл жұмыспен Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы айналысып жатыр. Олар бірқатар өнімдердің түрін бекітті. Сонымен бірге, осы стандарттарды белгілейтін малайзиялық департаментпен жұмыс жүргізілуде. Демек, малайзиялық тәжірибе негізге алынып отыр. Сондай-ақ өз тарапымыздан сәйкесінше семинарлар өткізіп, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен жобаны қолға алдық», - дейді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, Қазақстанда ұлттық аккредиттеу орталығы бар. Сол орталықта өнімдерді аккредитациядан өткізуге де болады. «Мемлекет тарабы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бірге халал өнімдерге мемлекеттік-ұлттық стандарттарды енгізбеу туралы шешім қабылдады. Айтып өткенімдей, өнімнің халал екенін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бекітетін болады. Қазіргі таңда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанында өнімді ажырататын ұйым жұмыс істейді», - дейді Ғалымжан Доғалов.
07 ақпан 2018 ж. 964 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930