Ғалымдар ұйқышылдықтың несімен қауіпті екенін дәлелдеді
Джон Хопкинс университетінің ғалымдары ұйқысы бұзылған адамдардың Альгеймер ауруына шалдығу мүмкіндігі басқа адаммен салыстырғанда үш есе жоғары екендігін дәлелдеді.
Мекеменің порталында 123 еріктінің зерттеуге қатысқаны жазылған. Еріктінің әрқайсысы 16 жылдың ішінде күндізгі уақытта ұйықтап алғысы келгенін не келмегенін айтып берді. Сосын ғалымдар зерттеуге қатысқан әр еріктіні тексерді. Олардың милары қаншалықты белсенді екенін анықтады.Нәтижесінде, күндіз ұйықтағанды жақсы көретін адамның миында ақуыз белгілінген нормадан үш мәрте көбірек мөлшерде қалып қояды екен. Осылай Альцгеймер ауруы пайда болады.
Қазіргі уақытта Альцгеймер ауруын емдеп жазатын белгілі бір әдіс жоқ.