» » Ғалымдар Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгертуді ұсынды

Ғалымдар Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгертуді ұсынды

ÒалÑÐ¼Ð´Ð°Ñ Ð¨ÑÒÑÑ ÒазаÒÑÑан облÑÑÑнÑÒ£ аÑаÑÑн өзгеÑÑÑÐ´Ñ Ò±ÑÑндÑ

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумының қатысушылары Шығыс Қазақстан облысының атауын Алтын Алтай деп өзгерту туралы бастама көтерді.

Бұл туралы 24.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
ШҚО-да өңірлік бағдарлама жүзеге асырылған 3 жылда қазба жұмыстарының барысында күллі әлемнің қызығушылығын тудырған 19 мыңнан аса жәдігер табылған.
«Біз Еуропа, таяу және алыс шет елдердің өкілдері, ғалымдары біздің өңірді зерттеп жүргенін көрдік. Бұл біздің ғалымдарымызбен арада тығыз қарым-қатынас орнауына ықпал етеді. Өз кезегінде, тарихымыз бен мәдениетіміздің шет елдерде танылып жатқанын білдіреді», – дейді ҚР Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева.
Бұл жылдың басты жаңалықтарының бірі – жаңа Алтын адамның табылуы. Оны Зейнолла Самашев бастаған археологтар тобы тапқан еді.
«Айталық, тас және қола дәуірінің зерттелуінде қалыс қалған дүниелер бар. Көне шахталар, өндіріс орталықтары – өте маңызды», – дейді археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев.
Іздеу жұмыстары келесі жылы басталады. Ал археология жөніндегі бағдарламаны тағы 3 жылға ұзартып, қаржы көлемін 2 есе ұлғайту туралы шешім қабылданған. Форум барысында шетелдік ғалымдар өңірде қазба жұмыстарын бірлесе отырып жүргізуге қуанышты болатынын жеткізді.
Облыста табылған жәдігерлерді терең зерттеу мақсатында арнайы зертхана ашу жоспарланған. Форумға қатысушылар бұл елдегі археология ғылымын дамытуға сеп болатынына сенеді. Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттің шығыс өңірін Алтын Алтай деп атауды ұсынды.


Stan.kz



11 қыркүйек 2018 ж. 1 599 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930