» » Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

Алматы полициясы қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

ÐлмаÑÑ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸ÑиÑÑÑ ÒаÑеÑÐ»Ñ ÑÑÑкке ÑалдÑÒÒан баланÑÒ£ аÑманÑн оÑÑндадÑ

Алматы қалалық полициясы онкологиялық аурудың ауыр түрімен күресіп келе жатқан 5 жасар баланың арманын орындады. Осылайша Әділет Әбішев бір күнге полиция қызметкері болып көрді, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы қаласының жол-патруль полициясының қызметкерлері Әділеттің ауыр тағдыры туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Фатима» мешітінің өкілдерінің хатынан білген. Хатта имамдар қатерлі ісікке шалдыққан баланың полиция қызметкері болғысы келетінін жазыпты.
«Өкінішке орай онкологиялық ауруларға балалар да жиі шалдығады. Әділет туралы, оның арманы туралы білгенде, біз қалыс қала алмадық. Осылайша оны полицияның қызметтік көлігімен алып жүрдік», – дейді Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің жол-патруль полициясының полк командирі, полковник Манат Саттаров.

ÐлмаÑÑ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸ÑиÑÑÑ ÒаÑеÑÐ»Ñ ÑÑÑкке ÑалдÑÒÒан баланÑÒ£ аÑманÑн оÑÑндадÑ

Өз кезегінде 5 жасар Әділет те полицейлермен кездесуге әбден дайындалған. Ол кездесуге полицияның қызметтік киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен келген.
«Әділетке өте қызық болды. Ол патруль кезінде полиция қызметкерлерінің жанында отырып, белсенді түрде атсалысты. Ол өзін нағыз полицей сезінді. Алайда бұл расымен де солай. Әділеттің ауыр дертпен күрескен әр күні жеңіс саналады», – дейді Манат Саттаров.

ÐлмаÑÑ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸ÑиÑÑÑ ÒаÑеÑÐ»Ñ ÑÑÑкке ÑалдÑÒÒан баланÑÒ£ аÑманÑн оÑÑндадÑ

Өз кезегінде Саттаров алматы полиция гарнизоны, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке өз атынан Әділетке жақын арада сауығып, болашақта полиция қызметкерлерінің қатарын толықтыруын тіледі.

ÐлмаÑÑ Ð¿Ð¾Ð»Ð¸ÑиÑÑÑ ÒаÑеÑÐ»Ñ ÑÑÑкке ÑалдÑÒÒан баланÑÒ£ аÑманÑн оÑÑндадÑ

Сонымен қатар құқық қорғаушылар ерікті, ҚМДБ, мешіт өкілдерімен бірлесе отырып Әділетке полиция көлігі түрінде ойыншық пен балаларға арналған көлікті тарту етті.


Stan.kz




12 қыркүйек 2018 ж. 754 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930