» » «Менің Қасиетті Қазақстаным!» байқауы басталды

«Менің Қасиетті Қазақстаным!» байқауы басталды


Ruh.kz ақпарат порталы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің арнайы қолдауымен «Менің Қасиетті Қазақстаным!» атты эссе жанры бойынша шығармашылық конкурс жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Назар аударыңыз! Құрметті оқушылар және ұстаздар!

Конкурстың негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлерін аралаған оқушылардың өз әсерімен кеңінен бөлісуіне мүмкіндік беру.

Байқау 1 қыркүйектен 20 қазан аралығында жүргізіледі.
«Менің Қасиетті Қазақстаным!» атты Республикалық шығармашылық байқауының ережелері

1. Жалпы ереже

1.1. Бұл ережелерде байқаудың мақсаты, өзіне артқан жауапкершілігі, ұйымдастырылыу деңгейі мен шарттары айтылады. Сондай-ақ, қатысушыларға қандай талап қойылатыны да толыққанды тарқатылады.

1.2. ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитетінің қолдауымен өткізілгелі отырған конкурстың негізгі ұйымдастырушысы – Ruh.kz ақпараттық порталы.

2. Байқаудың мақсаты мен талаптары

2.1. Еліміздің жас буынының шығармашылық қабілетін ұштау, отбасы дәрежесін көтеру, ұстаздардың деңгейін арттыру, «Рухани жаңғыру» кезеңінде жастардың белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2.2. Шығармашылыққа бейім жастардың бағын ашып, жас жазбалардың ел назарына ұсынылуына қолдау білдіру және жас буын арасында шығармашылық бәсекелестік тудыру.

3. Байқау қатысушылары

3.1. «Менің Қасиетті Қазақстаным!» атты эссе байқауына жаз айларында өткізілген «Менің Қасиетті Қазақстаным!» атты республикалық өлкетану акциясына қатысқан мектеп оқушылары және ұстаздар қатыса алады.

4. Байқау уақыты

4.1. Байқау 2018 жылдың 1-қыркүйектен 20-қазанға дейін жалғасады.

4.2. 2018 жылдың 20-қазаны күні сағат 18:00-ден кейін келіп түскен шығармашылық жұмыстар қабылданбайды.

5. Шығармашылық жұмыстарға талап

5.1. Өлкетану акциясынан алған әсерлерін шынайы бөліскен мазмұндағы әтіндер болуы тиіс.

5.2. Мәтін еліміздің қасиетті жерлерінің керметі туралы, оқушылардың оларға жасаған саяхаты барысында алынған әсер туралы болмақ керек.

5.3. Эссемен қоса автор түсірген қасиетті жерлердің 1-2 фотосы және автордың кез-келген форматтағы өз суреті талап етіледі.
6. Жұмыстың безендірілу талаптары

6.1. Жұмыс Word беттерінде жазылып, Times New Roman 14 қарпімен жазылып, біркелкі интервалға түсірілуі тиіс. Мәтін бетке түсірілгеннен кейін сол жағынан 3 см, оң жағынан, жоғарыдан, төменнен 15 см-дан қалдырылуы қажет. Сондай-ақ, мәтін 2 беттен аспау керек.

6.2. Жұмыстар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- мәтін мазмұны байқау шарттарына сәйкес болуы;

- бейнелеу мәнері;

- жұмыстың шынайылығы және көркемдік мәнері;

- автордың қырағылығы;

- қызық идеялар мен жарқынбейнелердің болуы;

- автордың сауаттылығы;

- безендіру шеберлігі;

- тек қана талаптарға сәйкес жұмыстар қабылданады;

- байқауға жіберілген материалдар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;

- бөгде материалдар мен ғаламтордан алынған мәтіндерді қолдануға тыйым салынады;

- фотолар JPG, JPEG форматында, көлемі 640-720 мм-дан үлкен болмауы тиіс.

7. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

7.1. Барлық қатысушылар Ruh.kz порталынан және Білім және ғылым министрлігінен арнайы сертификаттар алады.

7.2. Байқау жеңімпазына сыйлықтар мен аты жазылған дипломдар, алғыс хаттар немесе қатысқаны үшін алғыс білдіретін хаттар пошта арқылы жіберіледі.

7.3. Үздік шығармалар Ruh.kz порталына жарияланады.

7.4. Жеңімпаздар төмендегідей құнды сыйлықтармен марапатталады:

1-орын: Ноутбук Lenovo IdeaPad 120s

2-орын: Смартфон Xiaomi Redmi Note 5 4/64 Gb

3-орын: Смарт-часы Xiaomi Amazfit Pace

Бұдан бөлек, барлық қатысушылардың байқауды қолдаған жұлдызды тұлғалармен фото-видеоға түсуге, қолтаңба алуға мүмкіндігі бар.

8. Байқауға қатысу шарттары

8.1. Байқауға қатысу үшін арнайы ұсынысты толтыру қажет.

8.2. Жұмыстың мазмұны арнайы талаптарға сай болуы тиіс.

8.3. Жұмысты безендіру бірыңғайландырылған байқау шарттарына сәйкес болуы тиіс.

8.4. Байқау жұмыстары электронды түрде шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес файлда, авторы көрсетілген болуы қажет.

8.5. Байқау жұмысымен қатар жіберілген фото\видео материалдардың сапасы жақсы болуы қадағаланылуы тиіс.

8.6. Конкурсқа қатысу үшін арнайы ұсынысты межеленген уақыт аралығында өткізілуі қажет.

Baq.kz
13 қыркүйек 2018 ж. 714 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 05:29
Cephalexin And Ledum buy generic cialis online Cytotec Ou Curetage Je

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 05:55
Metformin Preisvergleich Viagra 100 online pharmacy Myskypharmacy Can You Take Amoxicillin Capsule Apart

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930