Кәдімгі кір сабынның кереметі көп екен
Кез келген үйден табылатын кір сабынның пайдасы орасан екенін көпшілік біле бермес. Қазіргі таңда біз кір сабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Мұнымыз дұрыс емес. Баяғыда әжелеріміз мұрнымыздан су аға қалса көпіршіп тұрған кір сабынды саусақ ұшымен алып, жағып қоятын. Сонда мұрын жара болмайды, бырқылдау да тоқтай қалатын. Есейіп кеткенше анамыз да кір сабынмен шомылдыратын еді. Қазір иіс сабындардың түр-түрі шығып, содан ба, аллергия аурулары артып барады. Балалар болса да әлжуаз. Осының барлығы кір сабынды пайдаланбай қоюымыздан шығар деген ой келеді. Жалпы, кір сабынның адам денсаулығына пайдасы қандай? Оның емдік қасиеті қандай ауруларға шипа?
- Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
- Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда шашыңызды кір сабынмен жуғаныңыз абзал. Сусабынды пайдаланып болған соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Шаш түсе бастағанда да осы тәсілге жүгініңіз.
- Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, оны майланудан сақтайды. Сосын балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
- Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес: Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай, денеңіз сергіп қалады.
- Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
- Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен гөрі кір сабынның көмегін қолданған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша, баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз, жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
- Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынудан және микроб түсуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
- Күйген жерге (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
- Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда аздап сабын суын ішкізіп, ауруханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын-алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: Әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын ересек адамға 300 – 500 миллилитр, ал балаларға 100 – 200 миллилитр ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Бұл арқылы маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға да болады.
- Ит қауып алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.
- Құлап қалған жағдайда соққы тиген жерге дереу кір сабынды жағыңыз, ол көгеруден сақтайды.
- Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.
Дайындаған – Д. ҚҰДАЙБЕРГЕН.