» » "Улы" ыдыста ас дайындап жүрген жоқсыз ба?

"Улы" ыдыста ас дайындап жүрген жоқсыз ба?

â


Өркениеті дамыған мына заманда барша адам дені сау, денсаулығы мықты болу үшін өзінің дұрыс тамақтануына, экологиялық таза өнімдерді пайдалануына, көбірек көңіл бөледі екен. Тек сол тағамдарды жасайтын ыдысты да дұрыс таңдай білмесе, ағзасының улы аспен қоректенетінін біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан да ас үйде күнделікті пайдаланатын ыдысты аларда қандай материалдан жасалғанына мән беріп қараңыз. Ал төмендегі кеңесті жадыңызда түйе жүріңіз.

Керамикалық ыдыстар
Керамикалық жабынмен қапталған ыдыстар өте әдемі, әрі көбіне қауіпсіз, денсаулыққа тигізер зияны жоқ. Бірақ, ескеріп мән берер бір кемшілігі бар, ол – жабын астындағы зиянды, уытты материал. Олардың кең тараған түрлері: кадмий ( жалтырауық жұмсақ ақ металл), қорғасын және аллюминий. Мұндай табақтан ас ішіп уланған адамның іші қатты бүріп, бас ауруы қозады. Ескеретін жайт! Керамикалық жабын өзінің жұмсақтығымен ерекшеленеді, сол себепті олар тез жарамсыз қалыпқа түседі. Мұндай ыдысты күнделікті пайдаланған жағдайда, 5-6 айдың шамасында жаңасына алмастырған жөн. Мейлінше ас үй қырғышымен тазаламаған дұрыс, мұндайда зияндылығы еселей түседі. Нағыз, қоспасыз таза керамикалық ыдыстардың денсаулық үшін ешқандай зияны жоқ, ондағы ас та күйіп кетпейді, тез жуылады әрі ұзаққа шыдайды. Сондықтан да ыдысты сатып аларда сапасын барынша тексеріп алу қажет. Таза керамикалық ыдыстардың аз ақша тұрмайтынын да ескерген жөн.



Тефлонды ыдыстар

Тефлонды ыдыстар – ас үйдің танымал сүйіктісі. Күюге қарсы тефлонды жабынмен қапталған қазандар мен табалардың кең таңдауын кез-келген дүкеннен табуға болады. Тефлонды ыдыстардың салмағы жеңіл, тез жуылады және қандай да бір ас дайындауда өте қолайлы. Тек тефлонды ыдыстарда қауіпті зат – перфтороктан қышқылы (ПФОК) бар. Оның салдары түрлі қатерлі ісік ауруларын тудыруы мүмкін. Өнімді шығарушылар қышқылдың ыдыста ағзаға зиян тигізетіндей емес, өте аз мөлшерде екенін алға тартады. Бірақ аталмыш қышқылдың басқа да тұтынатын заттарда бар екенін ескерсек, ағзаға қауіптің бары рас. Ескеретін жайт! Тефлонды жабынды ыдысты шойын ыдыстармен алмастырған абзал. Шойыннан жасалған ыдыстар - уақыт талабы мен шаруа бикелерінің қолынан өтіп келе жатқан қауіпсіз, біркелкі, жақсы қызатын әрі ыңғайлы ыдыстар. Тіпті табиғи жолмен адам ағзасындағы қанның құрамында темірдің көбеюіне де мол үлес қосады.



Мыстан жасалған ыдыстар
Мыс ыдыстар – өте сәнді, әдемі көрінгенмен, ас үйге арналмаған, ауыр металл болғандықтан өте қолайсыз. Сирек пайдаланған жағдайда ағза үшін аз да бола пайдасы бар, алайда күнделікті пайдалануда қауіпті улану жағдайы да жоқ емес. Арнайы жабынсыз мыс ыдыстар қыздырған кезде өзінен көп мөлшерде қышқыл бөледі. Ескеретін жайт! Мыс ыдыстарды тот баспайтын болаттан жасалған ыдыспен алмастыруға болады. Ол – ұзаққа шыдамды, онша ауыр емес және сызаттарға бекем келеді. Жақсы тазаланады және тағамның тез дайын болуына септігі тиеді.



Алюминийден жасалған ыдыстар

Алюминий – ыдыс жасауда ең кең таралған металл. Өзінің жеңіл, ұзақ уақыт шыдамдылығы мен жоғары беріктігі және әмбебаптығымен ерекшеленеді. Бірақ осындай ерекшеліктің артында жасырынған қауіп бар. Ғалымдар бұл металды жүйкеге уытты қатарына жатқызып отыр. Егер ағзада оның мөлшері көбейсе, адам ұмытшақтық пен орталық жүйке жүйесі ауруына шалдығуы мүмкін. Әрине, өндірушілер алюминийдің бетін денсаулыққа зиянсыз ету үшін арнайы қабықшамен қаптайды. Дейтұрғанмен ыдыс болған соң сызылып, бүлінеді. Сондай бүлінген аумақтан тағамға бөлінетін металл бөлшегі ағза үшін өте қауіпті. Ескеретін жайт! Алюминий ыдыстар үшін балама ыдыс – шыңдалған шыны. Онда ешқандай зиянды қоспалар жоқ, сол себепті де денсаулық үшін қауіпсіз. Шыны ыдыстар қоршаған орта үшін зиянсыз әрі беріктігімен ерекше. Ешқандай артық иісті сіңірмейді, оңай жуылады. Жалғыз кемшілігі – отқа төзімсіз.



Эмальды ыдыстар

Ең қауіпсіз ыдыс осы. Эмальданған ыдыстарды ең қауіпсіз және адам ағзасына зиян келтірмейтін бірегей зат деуге болады. Оған тамақ дайындауға да, сақтауға да болады. Кейбір эмаль ыдыстардың көркін келтіруде түрлі бояулармен әрлеп жатады. Сол кезде артық қосылған бояулардан денсаулыққа зиян келуі мүмкін. Бірақ оның ақ, көгілдір, қара, көк, сұр түстілерінен қауіптенбеңіз. Ең маңыздысы, жапсырмасында «ГОСТ» белгісі тұрсын, бұл ыдысыңыз «подделка» емес деген сөз. Қандай ыдыс болса да сәні мен сапасы келіскен болсын. Бұл денсаулық үшін қажет!

Шетел басылымдарынан алып дайындаған: Эльмира Базарбаева,
ERNUR.KZ

14 қыркүйек 2018 ж. 1 102 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930