Әуе Шары жануарларға қауіпті
Оймақтай ой
Мереке күндері, салтанатты шараларда әуе шарларын көкке ұшыру үрдісі қоғамда белең алуда. Себебі мұндай шарлар арзан әрі мерекенің шырайын кіргізіп, бір мезетте көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бірақ бұл шарлардың қайда ұшып кететіні, қоғамға тигізер әсері ешкімді алаңдатпайды. Ал экологтар әуе шарын ұшырмау қажетін айтып дабыл қағуда. Олардың айтуынша, әуе шарлары құрлық және теңіз жануарларына қауіп төндіруде.
Дамыған мемлекеттерде әуе шарларының табиғатқа тигізер зияны ескеріліп, олардың еркін сатылуына тыйым салған. Тіпті АҚШ-тың кейбір штаттарында, Солтүстік Кореяда заңмен шектеу қойған. 2011 жылы Еуроодақ бұл бастамаға қолдау білдіріп, әуе шарын ұшыру балалар қауіпсіздігі шарттарына қайшы деген тұжырым жасаған. Алысқа бармай-ақ көршілес орналасқан Өзбекстан мемлекеті 2013 жылдан бері әуе шарын ұшыруға тыйым салып, ішкі істер министрлігі тәртіпке бағынбағандарды жауапқа тартуды жолға қойған.
Тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақовтың басылымдарға берген сұқбатында Каспий теңізі жануарларының қырылуына осы әуе шарларының әсері барын айтқан. Осы тұста әуе шарлары несімен зиян деген сұраққа жауап беріп көрелік. Біріншіден, әуе шарлары біздің елге Қытайдан тасымалданады. Оның құрамы «Аэростаттар латекс» деп аталатын сұйық резеңкеден дайындалып, түрлі-түсті рең беру үшін адам ағзасына зиянды қоспалар қосылады. Сондықтан әуе шарларын пайдаланған адам инфекция жұқтырып, түрлі аруға шалдығуы мүмкін. Екіншіден, балалар шармен ойнағанда бақылауда ұстаған жөн. Себебі, шармен ойнау барысында жарылып, баланы шошытуы, тіпті есту қабілетін төмендетуі мүмкін. Бала қорыққан кезде жарылған шардың қалдығын жұтып, улануы да ғажап емес. Сондықтан әуе шарларын кемі 8 жастан асқан балаларға берген жөн. Үшіншіден, мұндай шарлар қоршаған ортаны ластайды. Мысалы, 1986 жылы Кливен штатында бір сәтте миллион жарым әуе шары ұшырылып, нәтижесінде мыңдаған жануардың өмірін қиған. Өйткені әуе шары көкте бірнеше сағат қалықтағаннан кейін ауа қысымы азайып жарылады да қалдығы және ішіндегі сұйықтық ағаштарға, көлдің бетіне түседі. Бұны азық деп ойлаған жан-жануарлар қоректену кезінде уланған. Сондықтан қоршаған ортаға зиян тигізбеуді ойлаған артық етпейді.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА