» » Гинес рекордтар кітабына енген ең ұзақ отандасқан қазақстандық жұптың сыңары бақилық болды

Гинес рекордтар кітабына енген ең ұзақ отандасқан қазақстандық жұптың сыңары бақилық болды

Жиенбаевтар отбасы ең ұзақ отасқан отбасы ретінде қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына енген 


Отасқандарына 69 жыл болған алматылық жұптың сыңары, белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевтың жары Нұрания Адельшина көз жұмды. Жиенбаевтар отбасы ең ұзақ отасқан отбасы ретінде қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына енген болатын, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы ақпаратты Сұлтан Жиенбаевтың немерелері хабарлады. Олардың айтуынша, Нұрания әжей 96 жасқа қараған шағында, 15 қыркүйекте көз жұмған. Марқұмның денесі 18 қыркүйекте Төлебаев 119 мекенжайындағы үйінен таңертеңгі 10:30-да шығарылады. Ұлы Отан соғысының ардагері, партия және мемлекет қайраткері, құрметті теміржолшы, Тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамының құрметті президенті Жиенбаев Сұлтан Сүлейменұлы мен Нұрания Керейқызы 1945 жылы 17 қаңтарында некелескен. Қазақстанның ең ұзақ отасқан отбасы туралы сайтымызда 2015 жылы жазылған болатын. Онда қариялар шаңырақты шайқалтпаудың құпияларымен бөліскен еді. Бақытты отбасы 70 жылдық отбасылық өмірінде 3 бала тәрбиелеп, 6 немере, 13 шөбере сүйген.

Отанасы Нұрания Керейқызы 38 жыл бойы еңбек жолын Қазақстанның заң саласының дамуына арнаған адам. 38 жыл бойы мемлекеттік арбитражда, ҚР Бас арбитрінің орынбасары ретінде бірнеше жыл қызмет еткен. Осы еңбегі үшін ҚР Еңбегі сіңген заңгері атағын алған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін 6 медаль, бірнеше құрмет грамотасына лайық деп танылған. Нұрания Керейқызының жетекшілігімен Қазақстанға белгілі бірнеше заңгерлердің саңлақтары тәрбиеленген. Олардың көпшілігі қазір Қазақстанның сот жүйесінде лауазымды қызмет атқарып отыр.


ERNUR.KZ
17 қыркүйек 2018 ж. 1 007 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031