» » Жыл басынан бері 330 мың тонна қалдық қайта өңделді

Жыл басынан бері 330 мың тонна қалдық қайта өңделді


ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл 8 айда 3 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық түзілді. Оның ішінде 330 мың тоннаға жуығы қайта өңделді. Бұл түзілген көлемнің 10,5 процентін құрайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 9 процентті құраған болатын. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай 40%-ке, 2050 жылы 50%-ке жеткізу міндеті тұр», - деді Энергетика вице-министрі.

Ол елімізде қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуден соң 20-дан астам өнім шығаратын 100-ден астам кәсіпорын барын атап өтті.


Baq.kz

21 қыркүйек 2018 ж. 873 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930