» » ӘДЕМІЛІКТІҢ АРТЫНАН ҚУЫП, ӘЛЕККЕ ТҮСІП ЖҮРМЕҢІЗ

ӘДЕМІЛІКТІҢ АРТЫНАН ҚУЫП, ӘЛЕККЕ ТҮСІП ЖҮРМЕҢІЗ

Сұлулыққа сүйсінбейтін, әсемдікке сұқтанбайтын жан жоқ шығар, сірә! Сұлу болып көріну, бір көргеннен адамға жақсы әсер қалдыру әр бойжеткеннің арманы-ақ. Дегенмен, сұлу келбет, мінсіз мүсін бәріне бірдей берілген емес. Алланың жасап берген бейнесіне көңілі толмай, артық қыламын деп, тыртық қылып жүргендер қаншама?! Біздің бүгінгі әңгімеміз жасанды сұлулық турасында өрбімек...

АЗАМЫН ДЕП, ТОЗЫП КЕТПЕҢІЗ
Денедегі артық салмақтан арылу үшін қол қусырып қарап отырып армандау жеткіліксіз. Егер сіздің толықтығыңыз туа бітті болмаса, онда арықтау үшін мүмкіндіктеріңіз көп болмақ. Алдымен артық сал­мақтан арылу үшін диетаның кө­ме­гіне жүгініп көріңіз. Дұрыс таң­далған диета сізге көмектесуі әбден мүмкін.
Диетаның түрі көп. Бірақ, ден­­саулығыңызға аса мән бер­геніңіз жөн. Себебі, денсаулық сақ­­­­­тау сала­сының мамандары ар­тық сал­­мақтан арыламын деп, оң­­­ды-солды әдістерді қолданып, не болмаса күні бойы нәр татпай жүр­­­­­гендердің айықпас науқасқа шал­­­­­­дығып қалуы мүмкіндігін ескер­­­теді. Қысқасы, артық салмақ не­ден болады? Осыны ойлаған дұ­­­рыс секілді. Артық салмақ тағам талғамағаннан, майлы, қуырылған жеңіл-желпі та­мақ­­­­­­­­тана салғаннан, газды сусындар­ды көп ішкендіктен жиналады. Ең дұрысы, диетологтар фитнес­ зал­­дарға барып уақытылы жат­­тығумен айналысуды және та­мақ­тану мерзімін бір жүйеге қоюды ұсынады. Егер фитнес залдарға баруға қалтаңыз жұқа болса, үй жағдайында да жасалатын жаттығулармен орын ауыстыруға болатынын айтпақпыз. Жаттығуларды таң­­­­­­ертең жасаған тиімді. Бірақ, нә­­­тижесін тез көргім келеді деп, денсаулығыңызға зиян кел­­­тіріп алмаңыз. Бұл әдісті терең тыныс алудан, қолды кө­теріп-түсіруден бастаған аб­­­зал. Аяққа арналған жат­тығу­­­­лардың ішінде велосипед тебу, бір орында тұрып се­­кіру мен орында тұрып жүру жақ­сы көмектеседі. Ең бастысы, асықпаңыз, сабырмен, ақыл­­­мен жасаңыз. Міндетті түрде нәтижесін көретініңіз анық.­
Ескере кететін жайт, қанша толық болсаңыз да салмақ азайтатын дәрі-дәрмектерді қолданудан аулақ болыңыз. Естіп-көріп жүргеніміздей, дәрілік заттардың салмақ тас­тауда аса пайдасы жоқ. Салмағыңыз сіз ойлаған көрсеткіштен де төмен түсіп кетуі мүмкін. Ақырында, дәріңіз ем емес, дертке айналмасын. Қысқасы, азамын деп, тозып кетуіңіз ғажап емес.

ТЫРНАҚ БАР ЖЕРДЕ, ТАЗАЛЫҚ ЖОҚ

Бақытымызға орай, жасанды­ тыр­нақ сәннен кетті. Әй, бірақ, адам­нан айла ауысқан ба? Оның орнына одан да зияны көп гелді жақпалар шықты. Мұны білмейтін, қолданбайтын қыз-келіншек аз болар. Сән салондарына барсаңыз, өз тырнағыңызға қалаған түсіңізді жағып, бетіне түрлі өрнектер салып береді. Бұл гелді жақпа кем дегенде бір ай тұрады. Енді зиянын айтып көрелік.
Әріге бармай күнделікті бой дә­ретін айтсақ та жеткілікті. Тырнақ ас­тына су кірмесе, тазалық жоқ. Қабат-қабат жағылған гелді нәрсе тыр­нақ арасына ауа жібермей, жан-жағын мықтап бітеп, ақырында тыр­­нақ зеңін тудыруы ықтимал. Сау­­­­­­­­сақтарыңыз уақытша әдемі көрін­­генімен, айтар­лықтай зияны қалады. Тырнақ гелді бо­яудан кейін әлсіз, тез сынғыш, өте құр­ғақ болып кетеді. Қалыпты сырт келбетін де жоғалтады. Се­бе­бі, гелді лак өздігінен кеп­пейді. Оны ультракүлгін сәу­ле­мен кеп­тіреді. Осы кезде тырнақтың бет­кі қабаты еріп, жақпамен бір­ге қатады. Кейін­ гелді бояуды ке­тір­ген кезде осы беткі қабатынан да айыры­лып қаласыз. Осы бояуды жиі қолдансаңыз, тырнағыңыз біртіндеп жұқара түседі. Маман­дардың сөзіне сүйенсек, тырнаққа жасалған әр маникюрдан кейін кем дегенде 3 ай үзіліс жасаған дұрыс. Әдеміліктің артынан қуып, әлекке түсіп қалмаңыз. Барлығы өз қолыңызда.

ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖАНАРЫҢЫЗДАН АЙЫРМАСЫН

Жасанды кірпік – бүгінгі күннің басты сәні. Көзқарасымен талайдың жүрегін жаулағысы келген арулар үшін кірпіктің орны бір төбе. Қалың әрі ұзын кірпік көзіңізді үлкейтіп, еріксіз өзіңізге назар аудартады. Алайда, мұның зиянды жақтары баршылық.
Санамалап айтсақ, алдымен өз кірпігіңізден айырыласыз. Ол – шындық. Екіншіден, кірпік жапсыратын желім көз жанарыңызға өте қауіпті. Байқаусызда, құйылып кетсе не боларын ойлай беріңіз. Сізді жасанды кірпіктің кесірінен жанарынан айырылып жатқандардың жайы алаңдатуы керек. Жоғарыда айтқанымыздай, өз табиғи кірпігіңіз түсіп қалады. Ал, көздің қорғанышы кірпік болмаса, шаң-тозаң, қиқым түскіш келеді. Қоғамда жасандылыққа қатысты оқыс оқиғалар көп болып отыр. Жақында ғана сұлу боламын деп, көз жанарынан айырылып сандалып жүрген қызды естіп едік. Желімнің болмашы тамшысы жанарына зиян келтіріп, бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Сіз де мұны ескеріңіз, жасандылық жанарыңыздан айырмасын.
Түйін: Сұлулық сыры – күтімде. Әдемі болып көріну – өнер. Ал, бұл өнер мектебіне бас сұға алмай жүргендер қаншама? Құрсаудан құтылып, тордан босап шыққан құстай кей аруларымыз шетелден келген бояуларды талғамай тұтынуда. Мақсаты – Алла берген жан сұлулығын көркем мінезбен ұштастыру емес, қайқиған кірпік, жапсырма тырнақ, түрлі бояумен сұлу көріну. Қарлығаштың қанатындай қиылған қара қасты отап болдық. Қастың орнына татуаждың саудасы жүріп тұр. Айта берсек, таусылмайды-ау жасандылық. Не десек те, табиғат берген тазалыққа, жан дүниенің сұлулығына, қазақ қызына тән биязылыққа ештеңе жетпейді. Бәрінің сұрауы бар екенін ұмытпағайсыз.
Нұр НАУАН.



22 қыркүйек 2018 ж. 989 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930