» » АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік–экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің сая­си және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені белгілі. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттік осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп, тұрақты іс-шаралар өткізілуде.
Соның бір дәлелі – аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу маңыздылығы» тақырыбында құқықтық оқу өткізілді. Шара барысында сөз сөйлеген бөлім басшысы Т.Сарбалаев қызметкерлерге сыбайластықтың ауыр қылмыс, қоғам дер­тімен күресу баршамыздың міндетіміз екенін, қызмет ат­қару барысында заңнама нормаларын қатаң сақтау керек­тігін баса айтты. Сонымен қатар, отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы слайдтар мен жемқорлықтың зардаптары туралы арнайы бейне роликтер көрсетілді. Отырысқа қатысқан мәслихат аппаратының мамандары өз кезектерінде баяндамашыға алғыстарын білдіріп, айтылған ойлар мен берілген кеңестерді қаперлерінде ұстайтындықтарын жеткізді.

«ЖЖ» ақпарат.

25 қыркүйек 2018 ж. 891 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930