» » Бірнеше облыста аяздан мектептерде сабақ тоқтады

Бірнеше облыста аяздан мектептерде сабақ тоқтады


Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қатты аяздан Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында да оқушыларға және колледждің 1-2-курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Қарағанды облысында 1-11-сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ал Қостанай облысында 1-9-сынып оқушыларына, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындарға СМС хабарлама жолдап, 24 қаңтар күні облыста желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жететінін, сақтық шараларын күшейту керектігін ескертіп жатыр. Болжам бойынша, мұндай жел Мұғалжар ауданының территориясында соғады. Ал облыстың өзге аудандарында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Алматы облыстық әкімдігінің хабарлауынша, ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты облыс мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған.
24 қаңтар 2018 ж. 1 029 0