» » Жұлдызнама белгілері өз ашуын қалай білдіреді?

Жұлдызнама белгілері өз ашуын қалай білдіреді?





Бәріміз де белгілі бір кезеңдерде тым артық кетіп, ашуланып жатамыз. Біреу сізді мазақтап немесе сіз үшін ауыр тақырыпты қозғап ашуландыруы әбден мүмкін. Егер ашуды басқара алмасаңыз, ол сізді басқарып кетуі ықтимал.

Төменде біз әр жұлдызнама өкілінің қалай ашуланатындығын нақты сипаттап көсетуге тырыстық. Бұл сізге ашуды басқаруға көмектесіп, кез келген жағдайдан шығуыңызға жәрдемші болады. Және де біз сізге жұлдызнама өкілдерінің  өзінде жетілдіруі тиіс қырларын да әңгімелеп бермекпіз.

Жұлдызнама белгілері өз ашуын қалай білдіреді?

Тоқты

От жалынды жұлдызнама белгісі ретінде, оның тілін таба алмасаңыз, тоқты сізді күлге айналдырып жіберуі әбден мүмкін. Бұл жұлдызнама өкілдері қызу қанды, жағдайға байланысты тез мінез, ашу көрсетуі ықтимал. Өз жолына кедергі екеніңізді білсе, қатты ашулануы да мүмкін. Егер өзі қалағандағыдай болмаса, сырт көзге тамаша қасиеттерге ие тоқты лезде өзін жаман қырынан көрсетуі де ғажап емес.

Тоқтыларды ашуландыру әлдеқайда жеңіл. Олар бірбеткей және жеңілісті ешқашан мойындамайды. Айналасындағылар тоқтының ашуын шығармас үшін, аяғының ұшымен жүруге көп жағдайда мәжбүр.

Олардың ашуы да тез, қайтуы да тез. Олар болған жайтты тез ұмытып, кешіруге бейім, сондықтан тоқтыны ренжітіп алсаңыз, уайымдамасаңыз да болады.

Торпақ

Торпақты ашуландыру өте қиын, алайда ашуландырған жағдайда абай болуға шақырамыз. Сізге реніші қатты болса, торпақтар қымталып, араласпай кетуі де мүмкін. Олар ренішті қабылдай алмайды, айтпайды да , сондықтан сіз торпақтарды ренжітіп алғаныңызды білмей қалуыңыз  да мүмкін. Егер ол сізбен сөйлеспеген жағдайда, қандай да бір ренішінің бар екенін сезуіңізге болады. Олар көбіне жалған сөйлегенге, алдағанға, сатып кеткенге ренжиді, өкпелейді. Сөйте тұра көпшілік жағдайда торпақтар өздерін салмақты ұстап, сыртқа еш көңіл-күйін білдірмеуге тырысады.

Егер бұл жұлдызнама өкілі ренжісе, оны жалғыз қалдырыңыз. Өйткені оған бос кеңістік мұндай сәтте өте қажет. Олар да бірбеткей және тәуелсіз, сондықтан қандай да бір қиындық туса, жалғыз өткергенді қалайды.

Олар өздері дайын болған кезде ғана өз проблемасымен сізбен бөлісе алады. Ең бастысы торпақтың өзі бұл мәселені іштей талдап алғанына көз жеткізіңіз, өйткені бұл жұлдызнама өкілдері артық сөзге жоқ.

Алайда бәрі де бәз баяғы қалпында қалады деп ойламаңыз, торпақтардың сенімін тәрк еткен адаммен түк болмағандай араласып кетуі екіталай.

Егіздер

Егіздермен қалай тіл табысуды, нені күтуді білмесеңіз, сіздің басыңыз әбден қатуы да мүмкін. Олар бір нәсені айтып, басқа нәрсені жасап жатады. Олар өз көзқарастарын оңай ауыстыра алатын адамдар. Кейде оларды түсіну мүмкін емес болып кетеді.

Десек те, егіздер ашуланған кезде өз ренішін айтып салады, өзінде сақтамайды. Бұл жұлдызнама өкілдері өмірді жақсы көреді, ал болмашы реніштерге өз уақытын сарп еткенді қаламайды.

Егіздер әлдекімнің бұл жұмысты қалай істеу керектігін, пәлсапалық тұжырымын айтқанын қаламайды, сіз ондай адам болмасаңыз, олармен жақсы қарым-қатынста қалуыңызға әбден болады.

Шаян

Шаяндар мейірбан, ашық әрі адал. Көпшілік адамдар осыны пайдаланып, олардың еңбегін бағаламай да жатады. Егер сіз шаянды ренжітсеңіз, ол да қаһарын төгеді деп күтпеңіз. Егер қарым-қатынасыңызды сақтағыңыз келсе, бірінші болып өзіңіз қадам жасағаныңыз абзал.

Шаянды ашуландырсаңыз, олар ренішін айтады деп те күтпеңіз. Ал егер ренжігенін сезбесеңіз, оларды ұғына алмасаңыз, шаяндармен тіл табысу сізге күрделі болатыны ақиқат.

Оларды ашуландыру оңай, десе де олар кез келген ұсақ-түйекке ашу шақырмайды. Егер бұл жұлдызнама өкілдерімен таныс болсаңыз, ара арасында олардың пікірін сұрап, ойын біліп тұрыңыз, бұл түсінбестіктің алдын алады.

Бұл жұлдызнама өкілдері жоғары қасиеттерге ие. Олар жақын туыстарына махаббатын, адалдығын аямайды, өзі де соны күтеді. Егер оның жүрегіне қаяу түсірсеңіз, ол сізді кешіруі мүмкін, бірақ лезде емес.

Арыстан

Арыстандар өте ашуланғыш келеді. Оның ашуын шақырсаңыз, міндетті түрде білетін боласыз.
Арыстандар кейде өзін балаша ұстайды, сондықтан мұндай кездері болған жайтты талқылаймын деп күтпеңіз. Бұл жұлдызнама өкілдері ашуланса қолындағы нәрсені лақтыруы, айқайлауы, тіпті еденге жатып алуы, сіздің назарыңызды аударатын барлық әрекеттерді жасауы мүмкін. Мұндай кездері олардың ауыр сөздерін жүрегіңізге жақын алмаңыз, тек қана арыстандарға өз ренішін айтып алуға мұрсат бергеніңіз дұрыс.

Олардың ашуы қалай тез келеді, ренішінің басылуы да солай тез болады. Арыстанды ренжітсеңіз, көп уайымға түспеңіз, ол кек сақтамайтын жұлдызнама белгісі.

Бикеш

Бикештер ең шыдамды жұлдызнама белгісі ретінде саналады. Өзге жұлдызнама белгілеріне қарағанда олар аз ашуланады, оларды танудың өзіне ұзақ уақыт керек. Бикештер қанша жерден ашуланса да, өз ренішін сізге айтпайды, соны біліңіз. Олар бұл ренішті ұмытылғанша өзінде сақтай алады. Десек те, сіз бикештің жүрегін қатты ауыртып, ренжітсеңіз, кешірім күтпеңіз, қарым-қатынасыңыз үзілетіні анық.

Олар ашуланған кезде шаяндар секілді өзімен-өзі болады, сыртқа ашып көрсетпейді. Бұл жұлдызнама өкілдері өз проблемасымен өзгенің жүрегін ауыртқысы да келмейді.

Таразы

Таразылар ашуды барынша өзінде сақтап қалуға тырысады. Олар барлық нәрседе тепе-теңдіктің болғанын қалайды, ал бұл жерде ашуға орын жоқ. Тіпті бір нәрсеге қатты көңілі қалса да, өзінде ұстап, шудың болмауын тілейді. Олар әділдіктің барына сенеді, сондықтан да егер сіз қателік жасасаңыз, таразы бәлкім сізді кешіруі мүмкін.

Олар өз сезімін сыртқа көрсеткісі келмейді, дегенмен де бұл жұлдызнама өкілдері өте сезімтал келеді. Олар ылғи өкпелейтіндей жағдай болуы мүмкін, алайда таразылар бәрін өзінде сақтап қалады.

Олар ренішін ұзақ уақыт бойы өзінде сақтап, тағы бір ренжіген сәтте жинап шығаруы әбден мүмкін.

Сарышаян

Сарышаянды ашуландырғанда, бірінші кезекте оның түр-келбетіне назар аударғаныңыз абзал. Әрине, іс-әрекетінен ол білінбес, ал бет-әлпетінен, көздерінен ашуды байқау қиын болмайды.

Бұл жұлдызнама өкілдері кек сақтағыш, сондықтан қарым-қатынасыңызды бұзғыңыз келмейтіні белгілі. Егер сіз сарышаянды ренжітсеңіз, ол бірден сізден кек алу жоспарын құра кетеді. Ол тып-тыныш бола қалса, қорыққаныңыз дұрыс, өйткені мұндай кездері ол өзінің қиын да күрделі есеп айырысу операциясын бастап кетуі де ғажап емес.

Егер сарышаян ашуланса, оған бос кеңістік беріңіз, ол өз-өзіне келіп алуы тиіс, сосын өзі сізбен сөйлеседі. Ал енді біреулері өзің бірінші қадам жасағанша күтеді.

Сарышаян өзі дайын болғаннан кейін ғана сізбен шешіліп тілдеседі, айтқысы келмесе бұған өзіңіз итермелемеңіз, оны одан сайын ашуландырып алуыңыз мүмкін.

Мерген

Жұлдызнама ішіндегі от белгісіне тиесілі болғаннан кейін бе, мерген ашуланса, сізді оңдырмайтыны белгілі. Бұл жұлдызнама белгілері сатқындықты су қаны сүймейді, сондықтан мұндай жағдайда сізге маза бермейтіні анық. Мерген кез келген уақытта жарылуы мүмкін қопарғыш зат тәрізді, сондықтан абай болуды ескертеміз.

Мергендер ашуланған кезде сарказмға бой алдырады. Бұл олардың өз-өзіне ие болмайтын кезі дегенді білдіреді. Кейбір мергендер бұл әрекетті жасыруға тырысып бағады.

Мергеннің өз-өзіне келуіне біраз уақыт қажет. Бір жағынан мергендер түймедейді түйедей етіп те жіберетін кездері болады, мұны да ескеріңіз.

Тауешкі

Жер белгісі ретінде тауешкілер арагідік ашуланып қалуы мүмкін. Олар ашу шақырып, энергиясын жұмсағанша, басқаға жұмсағанды дұрыс деп санайды. Десек те, тауешкінің ашуына тисеңіз – ол жерден қашып кеткеніңіз абзал.

Сіз тауешкінің көп ашуланбайтынын білесіз, ал ашуланған жағдайда айлар бойы ол ашуды өзінде сақтайтынын да сезесіз. Ол ашуы жиналып, жарылған кезде, бас сауғалағаныңыз орынды. Бұл жұлдызнама өкілдері өкпені тез кешіре қоймайды, сондықтан да оларды өкпелету орынсыз. Тауешкі өз эмоциясын шығару үшін сізге айқайлап, тіпті сахналық қойылым қоюы да мүмкін, бірақ бұл ұзақ болмайды.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар әңгімелесуді, талқылауды ұнатады, ал сөз таластырғанды жек көреді. Егер сіз суқұйғышты ренжітсеңіз, қасыңызда қалады екен деп күтпеңіз. Мұндайда ол табиғатқа не ұзақ жолға шығуы әбден мүмкін.

Алайда ол болған жайтты бірден шешсе, тамаша әрі орынды шешер еді. Бұл жұлдызнама өкілдері өз эмоцияларын өзгеге көрсеткенді ұнатайды, сол себепті кез келген жағдайда салмақтылығынан, сабырлылығынан айнымайды. Бәлкім кейін сәті түскенде өз ойын сізге айтар, алайда алдымен дәл жаны ауырған сәтте өзімен-өзі болғанды қалайды.

Балықтар

Су жұлдызнама белгісі ретінде балықтардың эмоциясы да терең. Кейде олар болмашы нәрсеге ренжуі мүмкін, алайда оны сырт көзге көрсетпейді. Олар ұрыс-керісті жақтырмайды, оның болмауын тілейді. Өзге жұлдызнама белгілері секілді балықтар да айналасындағы адамдардың тыныштығы үшін эмоциясын ішінде сақтап жүре алады.

Бұл жұлдызнама өкілдері жалғыз болғысы келеді, өзімен-өзі ақылдасқысы келеді. Олар киімдерін лақтырып, жылап, айқайлап өз эмоцияларын сыртқа шығара да алады.

Балықтар ұзақ уақыт бойы ренішін іште сақтауы да мүмкін, алайда бұл орын алған жағдайға байланысты. Егер сіз балықтар үшін маңызды адам болсаңыз, ренішін өзі айтып, талқылап шешуге бірінші болып қадам жасайтыны да ақиқат.


http://reactor.inform.kz
27 қыркүйек 2018 ж. 1 314 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930