» » Ең ең ең............

Ең ең ең............

«Гималай» әлемдегі ең биік тау болса, «Тынық» мұхиты су айдындарының үлкені екені белгілі. Тіпті, судағы тіршілік иелерінің ең үлкені кит, ал, құрлықтағы піл екенін жұртшылық  жақсы біледі.
Бүгін назарларыңызға әлемдегі ең қымбат заттардың топтамасын ұсынып отырымыз.
 
Әлемдегі ең қымбат жеке меншік үй

Үндістанның ең бай адамы, 53 жастағы миллиардер Мукеш Амбани 1 миллиард қаражатын шығындай отырып, әлемдегі ең қымбат үйді салғызды. Осы бір зәулім үйді мифтік аралдардың құрметіне орай Антилия деп атаған. Оған қоса үйде бірнеше бассейн, йогомен айналысатын және қар жауып тұратын арнайы бөлмелер бар. Себебі, Мумбайдың шыжыған күнінде тыныстаудың өзі қиынға айналады. Бір жағы Мумбайға, бір жағы теңізге қарап тұрған үйдің тамаша көріністерді сыйлайтыны анық.


Әлемдегі ең қымбат автокөлік Bugatti Type 57SC Atlantic деп аталады. Қолда бар деректер көлік үшін 40 миллион доллар төленгендігін айтады. Бұл - өте сирек кездесетін автокөлік және сонысымен де қымбат. Әлемде оның екі ғана нұсқасы бар. Бірі - Р.Лорен атты америкалық дизайнердің иелігінде болса, екіншісі Mullina мұражайының экспонатына айналып үлгерді.


Ең қымбат велосипедтің бағасы - 102 418 долларды құрайды. Велосипед толықтай қолдан жасалған және ең басты материал ретінде жоғары сынамалы (24 карат) алтын мен 600 кристалл қолданылған. Таңғажайып туынды Aurumania компаниясынан шыққан.


555 000$ тұратын әлемнің ең қымбат мотоциклы - Dodge Tomahawk V10 атауын иемденген. Tomahawk-тың төрт дөңгелегі болғанымен мотоцикл болып саналады. Дөңгелектері 680 келі салмақты игеру үшін қажет. Әлемдегі ең жылдам мотоцикл лауазымын иемденген де осы мотоцикл екендігін айта кеткеніміз жөн болар.


Әлемдегі ең қымбат көйлек - малайзиялық Файзоль Абдулланың туындысы. Көйлектің құрамында Mouawad зергерлік компаниясы ұсынған 751 дана гауһар бар. Nightingale of Kuala Lumpur аталатын көйлектің бағасы 30 млн. долларды құрайды.

Әлемнің ең қымбат той көйлегін Diamond Wedding Gown дизайнерлік компаниясы ұсынып отыр. Көйлектің негізгі авторы - Рене Штраусс. Өнер туындысының құны 12 млн. долларды көрсетіп отыр. Көйлекті безендіруге 150 карат гауһар жұмсалған.
Бұл тізімнен ер азаматтарымыз да тыс қалмайды. Ең қымбат ерлер киімін Стюарт Хьюз бен Ричард Джюелс жасап шығарды. Құны - 943000$. Негізгі материал ретінде жүн мен кашемир, жібек қоспалары, ал безендіруге 480 гауһар пайдаланылған.


Айта кетейік, Дубайдағы Бурдж-эль-Араб мейманханасында алтыннан құйылып, гаухар тастармен көмкерілген аяқ киім топтамасы таныстырылады. Олардың ішіндегі ең қымбаты 17 миллион долларға (6 млрд теңгеден аса) бағаланады.
Сәнгер туындысы зергерлік компаниялармен бірлесе отырып жасалған. Ең қымбат туфлидің алдыңғы бөлігіне 15 караттық гаухар тас орнатылған. Аяқ киімнің бетінде жалпы саны 236 гаухар тас бар.

Бағалы аяқ киімдер топтамасындағы «арзанырақ» туфли 17-27 мың доллар (6-9 миллион теңгеден аса) аралығында бағаланады. Олар да алтынмен және гаухар тастармен, кейбірі інжу, лағыл тәрізді тастармен көмкеріліпті.


Мақала massaget.kz және Stan.kz сайттарындағы материалдар бойынша әзірленді.

Нұрсұлу Сахи.



27 қыркүйек 2018 ж. 1 926 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930