Қала орталығына қамал салады: Шымкент алдағы жылдары түбегейлі өзгереді
Шымкент қаласы болашақты жаңашаланып, түбегейлі өзгереді. Қалада құрылыс жұмыстары басталады.
Шымкент қаласының құрылыс және сәулет басқармасының жетекшісі Жеңіс Байымбетов болашақта қалада түбегейлі өзгеріс болып, құрылыс жұмыстары жүретінін айтты, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.«Ішкі деңгейдегі жоспарлау жобасында 9-дан 12 қабатқа дейін көп қабатты ғимарат, көпқабатты тұрғын үйлер салынып, көгалдандырылатын болады. Бұл тұрғындар мен туристердің назарын аударатын орын болады. Қаланың ортасында тарихи кітаптардың суреттеріне сәйкес, ежелгі цитадель қалпына келтіріледі. Қалпына келтірушілер жыл соңына дейін бекініс қабырғасын көтеруді уәде етеді және екі жыл ішінде объектіні толығымен жаңартады», – дейді Жеңіс Байымбетов.
Қалада жаңа мұражай бой көтереді.
«3 мың шаршы метр аумақты тұрғын үй кешені зерттелді. Аумақ орта ғасыр мен орта ғасырдан кейінгі жылдарға тән. Мұражай ғимаратын ашу жоспарда бар. Табылған артефакттің бәрі сонда сақталатын болады», – дейді А. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Азамат Ергешбаев.
Қалада туристерді тарту үшін вокзалы бар жаңа теміржолды кешен тұрғызылады. Ал, әуежайда жеке инвестициялар үшін жаңа терминал салынады. Әкімдік инженерлік желі құрапы, жол мен вокзал алаңын жасамақ.
Облыс орталығына көптеген жұмыс жүргізіледі. Жалпы транспорттың модернизацияланған жүйесі болады. Коммуналды қызмет сандық жүйеге ауысады. 100 гектар жерге жаңа ықшамаудан салады.
Stan.kz