» » Жаңа технологиялар құрылысқа қарқын береді

Жаңа технологиялар құрылысқа қарқын береді

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу керектігін айтқан еді. Расында осы бағыттағы жұмыстар түбегейлі жүзеге асса, құрылыс сапасының да жақсарары сөзсіз.

Мемлекетімізде жүзеге асып жатқан бағдарламалар өз жемісін беріп, елімізде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Сондай-ақ, тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі де тиімді жұмыс жасауда. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 пайызға өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады.
Қазіргі таңда Сыр елі республикамызда құрылысы қарқынды жүріп жатқан өңірлер қатарында. Облыстың өзінде өткен жылы 612 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Нәтижесінде Қызылордада апатты жағдайдағы үйлер мәселесі өз шешімін тапты. Халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары әлі де жалғасып, ұтымды жобалар қолға алынуда.
Жолдауда жүктелген міндеттерді орындау барысында Елбасы құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керектігін айтады. Расында, ғимарат сапасына, экологиялық тазалығы мен энергиялық тиімділігіне аса мән беру керек. Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтасақ, құрылыс сапасы өздігінен жақсарады. Осы бағыттағы жұмыстар тұрғындарға қолайлы жағдай жасай отырып, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады.
Жүктелген міндеттер жүйелі түрде жүзеге асса, біздің қай салада болмасын қолға алған жобаларымыз өз жемісін беретіні сөзсіз. Соңғы 4-5 жылда облыс көлемінде халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асты деп айтуға болады. Қала орталығынан бөлек басқа да шағын аудандарда бой көтерген зәулім ғимараттар осы сөзіміздің дәлелі іспетті. Тіпті, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы екінші қаланың құрылысы да басталып кетті. Елордаға қарап бой түзеген бұрынғы Ақмешіттің бүгінгі хал-ахуалын білгіңіз келсе, бір ғана құрылыс саласы бойынша жасалып жатқан жұмыстарға қарап бағамдай аласыз.

Алмат БЕРІКҰЛЫ,
Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.

16 қаңтар 2018 ж. 2 172 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 07:15
Accutane Online No Prescription Real Dutasteride Low Price Medicine With Free Shipping cialis 20 dosage Kennel Cough Amoxicillin Aricept

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 04:26
Con Prezzi Kamagra Prescrizione cialis 5mg Cialis 8 Comprimidos Viagra Rezeptfrei Kaufen Billig

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930