» » “Күйеуімен тең емес”: Альбина Шардарова жұртқа ренжіп, көзіне жас алды

“Күйеуімен тең емес”: Альбина Шардарова жұртқа ренжіп, көзіне жас алды

Жақында шаңырақ көтерген Бауыржан Сатов пен Альбина Шардароваға көпшілікке ренішін жеткізді. Жұлдызды жұп жас жұбайларға бақыт тілеудің орнына, жағымсыз сөз жазғандарға өкпесін айтты.



Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Адамдар тойдың қалай болғанын білмейді ғой, немен басталды, немен бітті? “Көйлегі не, Бауыржан деген үлкен сияқты”. Иә, кішкене толып кеттім соңғы кездері, Альбинаның қасында үлкен аға сияқты көрінемін. “Ой, көңіл-күйі жоқ, қабағын түйіп отыр. Қасына келіп қинап отырғызып қойған сияқты”.

Жастар үйленіп жатыр, қуанып, жақсы тілектер айту керек қой біріншіден. Жоқ, жаман сөздер жазу керек. Не үшін қабағымды түйіп отырғанымды алдымен білсеңіздерші”, – дейді Бауыржан Сатов.

Ал Альбина жарын өзіне тең емес деп сөккендерге ренжіген.

“Шынымен, көңілге тиетін сөздер жазады. Адамды Алла Тағала қосады, тең-теңімен дейді. Тең емес екен деп айтып жатады ғой. Олай айтуға ешкімнің құқығы жоқ”, – деген әнші қыз көзіне жас алып қалды.

Сатовтың айтуынша, жағымсыз сөз иелерінің арасында жас та, кәрі де бар. Актер сол үшін де күйінеді.

“Жаным ашиды, жап-жас кішкентай қыздар, жігіттер, арасында ақыл тоқтатқан кісілер, жастарға жол сілтер үлкен аға-апаларамыз да жүр. Бұл не сұмдық, қалай, не үшін деп ойлап отырдым. Қалай адамдар сондай нәрсеге барады?” – дейді ол.

stan.kz





01 қазан 2018 ж. 1 268 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031