Бауыржан Байбек Елбасының тапсыруымен соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҰОС ардагері Әдіш Әбдірайымовты туған күнімен құттықтады. Қария бүгін 100 жасқа толып отыр.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әдіш Әбдірайымов 1918 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Ол 1941 жылы соғысқа тартылып, Оңтүстік-Шығыс майданы 173-ші атқыштар дивизиясының жауынгері болған.
Әдіш ата Бергедорфтегі тұтқындық және Нойенгамме концлагеріндегі қиыншылықты көріп, майданнан 1947 жылы оралған.
Ал қазір қарияның төрт баласы, үш немересі және бір шөбересі бар.
«Барлығыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Барлығына денсаулық, бақыт және өзара түсіністік тілеймін. Бастысы , аспанымыз ашық болып, бақытты ғұмыр кешейік. Халқымыз Елбасының арқасында өзара достық пен келісімде өмір сүріп жатыр. Еліміз гүлдене берсін. Ұрпағымыздың соғыс пен оның зардабын ешқашан көрмесін деп тілеймін», – дейді Әдіш Әбдірайымов.
Пікір 2