WhatsApp-та таралған бала ұрлығы туралы ақпарат жалған - ІІМ
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «бала ұрланды» деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«WhatsApp-та балаларды ұрлауға қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкеспейді. Еліміздің аумағында балаларды ұрлауға қатысты қылмыс тіркелген жоқ. Көпе көрнеу жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» - деді Алмас Сәдубаев.
https://baq.kz