» » Қазақстан Ауғанстанға көмек ретінде 100 мың доллар берді

Қазақстан Ауғанстанға көмек ретінде 100 мың доллар берді



Қазақстан көмек есебінде Ауғанстанға қаражат бөлді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

Фото: Associated Press

Анығында ақша теракт салдарынан мүгедек болған жандарға аударылды, деп хабарлады  Sputnik.
“100 мың доллар Қызыл Крест комитетінің желісі бойынша Ауғанстан аумағында террорлық актілерден зардап шеккендерге көмек ретінде Қазақстаннан берілді”, – деді Қайрат Әбдірахманов мәжіліс кулуарында.
Мәжілісте Қазақстан үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің арасындағы Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.
Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, заң жобасын мақұлдауға бюджеттен қаражат бөлінбеген, тек ерікті жарна ғана бөлінген.
“Ерікті жарна мөлшері 5-15 мың долларды құрайды. Қызыл крест комитеті біздегі банктерде өз есепшотын ашады, ақшаның барлығы сонда сақталады. Кейін жұмыс ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізіледі”, — деді ол.
Соған сәйкес, Қазақстанда Қызыл Крест комитетінің кеңсесі ашылмақ.


Stan.kz


04 қазан 2018 ж. 587 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031