» » Әйелдер ерлерге қарағанда неге ұзақ өмір сүреді?

Әйелдер ерлерге қарағанда неге ұзақ өмір сүреді?

ÓÐ¹ÐµÐ»Ð´ÐµÑ ÐµÑлеÑге ÒаÑаÒанда неге Ò±Ð·Ð°Ò Ó©Ð¼ÑÑ ÑÒ¯ÑедÑ?

Қарапайым ғана, болмаса қажет емес-ақ сұрақ. Бірақ қызықты да. Себебі статистика бойынша әйелдер ерлерден ұзақ өмір сүреді. Бұл біздің елімізде де байқалады. Әлемнің көптеген елдерінде әйелдердің орташа жас мөлшері ерлердікінен жоғары. Қазақстанда да статистика бойынша ерлердің орташа өмір сүру жасы - 67, әйелдердің орташа жасы шамамен - 72 жас. Жақында Калифорния университетінің ғалымдары орташа жас мөлшеріне байланысты сұраққа жауап іздеп көріпті. Зерттей келе әйелдердің ұзақ өмір сүру себебі эстроген гормонына байланысты деген тұжырымға келген. Әйелдердегі бұл гормон жасушалардың қартаюын тежейді. Сондай-ақ хромосомадағы генетикалық ақпарат бойынша әйелдердің дене жасушалары ерлердікіне қарағанда баяу қартаяды екен. "Эстроген адам ағзасын қалыпты сақтауына, ферменттердің белсенді жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Бұл гормонның ағзада көбірек бөлінуі жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтырмайды. Одан өзге сүйектің қалыпты дамуына да зор көмегі бар", - дейді зерттеуші ғалымдар. Калифорния университетінің мамандары ерлердің әйелдерден аз өмір сүруінің тағы бір факторы ретінде темекі мен алкогольді ішімдіктерді атаған.

massaget.kz




06 қазан 2018 ж. 876 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 299

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031