Ғалымдар: Футбол әйелдердің миы үшін қауіпті
Футболды көріп қана қоймай, кем дегенде аптасына бір рет әріптестерімен бірге ойнайтын қыздарды сирек кездестіреміз. Ал, ер адамдардың жөні бөлек. Еркектердің футболды жайдай-жай жақсы көрмейтіні және әйелдердің неліктен спорттың бұл түріне қатты қызықпайтыны белгілі болды.
Бұл туралы TengriMIX -ке сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Альберт Эйнштейн медициналық колледжінің ғалымдары баспен ойын ойнау кезінде әйелдердің миы ер адамдардікіне қарағанда бес есе қатты зақымдананатынын анықтады. Бұл мойынның күші мен әйелдердің генетикалық сипаттамаларына байланысты болуы мүмкін.
«Екі топта біз мидағы ақ заттың адамның басы жиі соққы алған сайын өзгеретінін байқадық. Алайда әйелдердің миындағы зақымдалған ақ заттардың мөлшері ер адамдардікіне қарағанда шамамен бес есе жоғары болды», – дейді сарапшылар.
Футболдың миға тігізетін әсерін анықтауға бағытталған зерттеуге бірнеше жыл бойы спорттың осы түрімен айналысып жүрген 98 футболшы қатысты. Олардың 49-ы ер адамдар болса, қалған 49-ы әйелдер.
Stan.kz