» » Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев ел өмірінде әйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқталып, Қазақстандағы өскелең жас ұрпақтың санасына адамгершілік құндылықтарды сіңірудің қажеттілігін айтты.– Жаһандану жағдайында қыздарымызға тән асыл қасиеттерді сақтауымыз керек. Интернет заманында қаптаған ақпараттар легін біржола тоқтату мүмкін емес. Әрбір бойжеткеннің жақсы мен жаманды ажырата білетін ішкі сүзгісі болуы қажет, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қабылданған бес әлеуметтік бастама, ең алдымен, әйелдер қауымына арналғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерінің бойында еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетін мейірімділік пен жасампаздық энергиясының сарқылмайтын көзі бар екенін атап өтті.
– Бүгінде жас ұрпақтың тәрбиесі мен олардың білім алуына байланысты бүкіл салмақ сіздерге түсіп отыр. Бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріңізге алып, олардың дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен және махаббаттарыңызбен еліміздің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бүгінде елімізде 250 мыңға жуық ананың «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» марапатталғанына назар аударып, мемлекетіміздің қарқынды дамуына қазақстандық әйелдердің зор үлес қосқанын атап өтті.
– Жаңа ұрпақтың дүниеге келуі және халқымыздың көбеюі – мемлекетіміздің басты стратегиялық мақсаты. Әйелдер жетістікке жете алмайтын ешқандай сала жоқ. Сіздер кәсібилік пен спорттың, ғылым мен саясаттың шыңдарын бағындыра аласыздар. Қазіргі таңда үш мыңға жуық докторанттың 60 пайызы – әйелдер. Мәжіліс депутаттарының үштен біріне жуығы – қыз-келіншектер. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлес салмағы елу пайыздан асады. Мұны мемлекетті басқару ісінің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін дұрыс үрдіс деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық ер-азаматтардың атынан әйелдер қауымын тағы да мерекелерімен құттықтап, оларға бақыт, махаббат пен бақ-береке тіледі.
Соңында Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, көп балалы ана А.Түзелбаеваны «Алтын алқамен» және Астана тұрғыны Р.Аяғанованы «Күміс алқамен» марапаттады.
10 наурыз 2018 ж. 1 128 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 06:08
Cialis Donde Comprar Viagra For Cheap Prices Accutane Overnight propecia sell Fedex isotretinoin tablet cheap Clomid Maladie De Ventre

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 08:06
Provera Irregular Periods Website Synthroid By Mail Order Viagra En La Farmacia Sin Receta generic propecia Sertralina Generic Cialis On Line Italia Cialis Femme Avis

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930