» » Қызылордада жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады

Қызылордада жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады

Бұл турады Қызылорда облысының әкімдігі мен ForteBank арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.



«ForteBank – қаржы институттарының арасында ерекше орын алады және елдегі ең өтімді әрі тұрақты банктердің бірі. Қызылорда облысы әкімдігі мен банктің өңірді одан әрі дамыту бойынша ортақ жоспарлары бар және біз тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз», деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
Аймақ басшысының айтуынша филиалдың жаңа кеңсесі тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, қала үшін қайталанбас сәулет келбетін беретін болады.
«Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиалдың құрылысын бастадық және бүгін оны таныстырғанымызға қуаныштымыз. Біздің кеңселеріміз The Financial Brand басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайндарының қатарында атап өтілді. Біз жаңа сервистерді құра отырып, инновациялар мен технологияларға үлкен көңіл бөлеміз, кезекті барынша азайтуға және банк пен тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау үдерісін барынша жағымды, жайлы және пайдалы етуге тырысамыз», деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Қызылорда облысындағы филиал бөлінген қаражатты игеру қарқыны бойынша бірнеше рет көшбасшы үштігіне кірді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал мақұлданған жобалардың саны мен сомасы бойынша облыстың Екінші деңгейдегі банктері арасында екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн. теңгеге 9 жобаны қаржыландырды. Қазір жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын 12 жоба бар. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін қарастырылып, іске асырылмақ.



Baq.kz
11 қазан 2018 ж. 518 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031