» » Қазақстанда ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

Қазақстанда ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

ÒазаÒÑÑанда ÑÑÐºÑ ÑÑÑÐµÑ Ð´ÐµÐ¿Ð°ÑÑаменÑÑеÑÑнÑÒ£ аÑаÑÑ Ó©Ð·Ð³ÐµÑÑÑлдÑ

ҚР үкіметінің 2018 жылдың 16 қазанындағы №637 қаулысы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелеріне» сәйкес, елімізде ішкі істер департаменттерінің атауы полиция департаменттеріне өзгертілді, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің «Әділет» нормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарында да аталған өзгеріс орын алды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментіне өзгертілді.
Ішкі істер департаменттерінің атауын өзгерту қазақстандық полицияны реформалау аясында жүзеге асырылып отыр. Бұған дейін, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауынжариялағанда полицияның жаңа стандарттарын бекітуді, полицейлер жұмысын бағалау критерийлерін өзгертуді және полиция жұмысын сервистік модельге ауыстыруды тапсырған еді.


Stan.kz



19 қазан 2018 ж. 1 594 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031