» » Қазақстан дүкендерінде енді Ресейден келген кейбір ет өнімдері сатылмайды

Қазақстан дүкендерінде енді Ресейден келген кейбір ет өнімдері сатылмайды



ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейден келген ет өнімдерінің дүкен сөрелерінен алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімдердің үлгілеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осындай шешімге келді. Қауіпсіздікті бақылау кезінде ет өнімдерінде гигиеналық нормативтер мен ортақ микробты тұқымдануға байланысты техникалық реттемеге қайшы дүниелер табылды.
«ФинИнвест» (РФ) – “Котлетный”,
«СПК Курников» (РФ) – «Натуральный», «Крестьянский» фаршының сынамасы, «Ставропольский бройлер» (РФ) ұсынған бройлер балапандары,
«Микояновский мясокомбинат» (РФ) ұсынған «Особая со шпиком» деп аталатын шұжығы гигиеналық талаптарға сай келмеді.
Қазіргі уақытта сапасыз өнімді шығарған адамдарға қатысты әкімшілік іс қозғалуда. Сонымен қатар, олардың тауарлары тәркіленуде.


http://stan.kz

25 қазан 2018 ж. 802 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031