» » Кәріпбек Күйіков Аустрияда «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды

Кәріпбек Күйіков Аустрияда «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды

Астана, BAQ.KZ. Аустрияның Зальцбург университетінде «Ядросыз болашақ» сыйлығының (Nuclear-Free Future Award – NFFA) марапаттау рәсімі аясында қазақстандық суретші, халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, «АТОМ Жобасының» Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков марапатталды.


Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай «Ядросыз болашақ» сыйлығының иегерлерін антиядролық қызметтерінің жоғары баға алуымен құттықтап, Кәріпбек Күйіковтың марапатталуы ядролық қарусыздандыру мен таратпау жаһандық үдерістерінде Қазақстан рөлі және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамаларының мойындалуын білдіреді деп атап өтті. Елші барлық қатысушыларды әлемнің ядролық жарылыстардан құтылу үшін күш салуға бағытталған «АТОМ Жобасы» онлайн-петициясына өздерінің қолын қоюға шақырды.

Қазақстандық өкілмен қатар, Аустралия, Ұлыбритания, Франция және Аустрияның өкілдері де сыйлықтын иегерлері болып аталды.
25 қазанда Халықаралық антиядролық симпозиум өтеді, онда сыйлықтың жеңімпаздары жұртшылықты өз қызметімен таныстырады.




Baq.kz

25 қазан 2018 ж. 641 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031