Қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайтын болып шықты
Қазақстандықтардың барлық шығындарының 3% -дан азы туыстарына және достарына қаржылай көмек көрсетуге немене алимент төлеуге кетеді. Ал шығындардың жартысына жуығы (49,7%) азық-түлікке, тамаққа жұмсалатын болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Finprom.kz талдамалық порталына сілтеп.
2018 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылына кететін шығындар 8,8% -ға, 459,5-ден 500,1 мың теңгеге дейін өсті.
Шығындардың жылдан-жылға тұрақты өсуі негізінен, үй шаруашылығы табыстарының өсуімен байланысты. Тиісті кезеңде бұл көрсеткіш 7,9% -ға 523,1 мың теңгеге дейін жеткен.
Соңғы бес жылда үй шаруашылығына кететін шығындар 1,5 есе немесе 152,7 мың теңгеге артты.
Үй шаруашылығына ең көп шығын жұмсайтындар астаналықтар. Астанада үй шаруашылығына кететін шығын мөлшері 623,5 мың теңгені құрайды. Бір жыл бұрын көрсеткіш 585,5 мың теңге болған.
Одан кейін екінші орында Алматы тұр. Алматыда үй шаруасына кететін шығын 593,9 мың теңгені құрайды, бір жыл бұрын көрсеткіш – 570,5 мың теңге болды. Ең жоғары шығындарға ие облыстардың үштігіне Атырау облысы кіреді. Мұнда бір жыл бұрын ғана 551,2 мың теңге болған шығын 579,3 мың теңгеге жеткен.
Негізгі шығындар тамаққа кетеді. Қазақстандықтар азық-түлік, тамаққа көп шығын 92,8% (464,2 мың теңге) жұмсайтын болып шықты.
Тұтынуға кететін шығындардың ішінде көбіне азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға ақша көп жұмсалады. Ол 284,4 және 108,5 мың теңгені құрайды. Ақылы қызметтерге кететін тұтынушылық шығындардың үлесі 23,1% -ды құрайды, ол 107,3 мың теңге.
Үй шаруашылық шығындарының екінші маңызды бағыты несие мен қарызды өтеу болып тұр. Ол 21,2 мың теңгені құрайды. Бір жыл бұрын көрсеткіш 19,2 мың теңге болған.
Stan.kz
Пікір 2