» » Денсаулыққа пайдалы бөлме өсімдіктері аталды

Денсаулыққа пайдалы бөлме өсімдіктері аталды

Зерттеу көрсеткендей, кейбір бөлме гүлдері ауа сапасын жақсарту және терінің құрғау қаупін төмендету арқылы денсаулықты нығайтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі “МедикФорум”-ға сілтеме жасай отырып.



ÐенÑаÑлÑÒÒа Ð¿Ð°Ð¹Ð´Ð°Ð»Ñ Ð±Ó©Ð»Ð¼Ðµ Ó©ÑÑмдÑкÑеÑÑ Ð°ÑалдÑ


Үйде өсімдіктердің болуы тыныс алатын ауа сапасын жақсарту және оны оттегімен көп қанықтыру арқылы адамдардың денсаулығын сау етеді. Ұлыбританиядағы Рединг университетінің зерттеушілері әлемнің лалагүлі мен шырмауық сияқты бөлме өсімдіктері көптеген параметрлер бойынша артықшылыққа ие екенін анықтады. Бұл өсімдіктер көп су мен күн сәулесін талап ететіндіктен «аш» гүлдер ретінде саналады. Алайда, олардың қажеттіліктері үй-жайдың атмосферасына оң әсер етеді. Бөлме өсімдіктері өздері сіңірген суды ауаға таратып, көмірқышқыл газды сіңіріп, оттек бөліп шығарады.

Ғалымдар әртүрлі өсімдіктердің үйдегі ауаға қалай әсер ететінін бағалады. Бөлме өсімдіктерінің ішінде лалагүл мен шырмауық ең пайдалы гүл болып табылады. Себебі олар көміқышқыл газы мен суды өте көп мөлшерін сіңіреді. Зерттеушілер бүгінде адамдар өз уақытының 90 пайызын бөлмеде өткізетінін атап өтеді.

Сондықтан атмосфераға көп мөлшерде оттегі мен су бөліп шығаратын өсімдіктер бөлмені жақсы ылғалдандырады. Жоғары ылғалдылық терінің қалыпты ылғалдылығына әсер етеді. Егер біздің теріміз үнемі құрғайтын болса, онда бұл тітіркенуді және тыныс алуға байланысты түрлі қиындықтар немесе синустық инфекцияларды туындатады.

Сондай-ақ, бұған дейін жүргізілген зерттеулер бөлмедегі жоғары ылғалдылық тұмаудың таралу ықтималдығын төмендететінін көрсеткен болатын. Себебі ылғал тумаудың мұндай ауада қозғалуына жол бермейді. Өсімдіктердің көмірқышқыл газды сіңіруі және оттегі бөліп шығаруы адамның денсаулығы үшін өте маңызды.

Stan.kz




29 қазан 2018 ж. 1 339 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031