» » Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ-ге интернет пен байланысты бұғаттау құқығы берілді

Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ-ге интернет пен байланысты бұғаттау құқығы берілді

Қазақстанның 4 бірдей мемлекеттің органына әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда интернетті бұғаттау құқығы берілді, деп хабарлайды ҚР үкіметінің қаулысына сілтеме жасап Stan.kz.


ÒазаÒÑÑанда Ò°ÒРмен ÐÐÐ-ге инÑеÑÐ½ÐµÑ Ð¿ÐµÐ½ байланÑÑÑÑ Ð±Ò±ÒаÑÑÐ°Ñ ÒÒ±ÒÑÒÑ Ð±ÐµÑÑлдÑ

Бұл Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі. Қаулыға сәйкес, аталған мемлекеттік органдардың әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.

Құжат 2018 жылдың 28 қазанынан бастап заңды күшіне енді.

Stan.kz





29 қазан 2018 ж. 588 0