» » Кореяға жұмысқа бармақшы болған 50-ге жуық қазақстандық алаяқтарға алданып қалды

Кореяға жұмысқа бармақшы болған 50-ге жуық қазақстандық алаяқтарға алданып қалды

Оңтүстік Кореяға жұмысқа бармақшы болған елуге жуық Қазақстан азаматы алаяқтарға алданып қалды. Ол жерде ақша жақсы төлейді екен дегенді естіген қазақстандықтар бар жиған-тергендерін алаяқтарға ұстатып опық жеп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


ÐоÑеÑÒа жұмÑÑÒа баÑмаÒÑÑ Ð±Ð¾Ð»Òан 50-ге жÑÑÒ ÒазаÒÑÑандÑÒ Ð°Ð»Ð°ÑÒÑаÑÒа алданÑп ÒалдÑ


Алаяқтар Оңтүстік Кореяның белді компанияларына жұмысқа орналастырамыз деп әлеуметтік желі арқылы жарнама таратқан көрінеді. Оның үстіне олар бұл рәсімді ұйымдастыру үшін бірінші ақша сұраған. Жұртты алдаған компания өкілдері шетелден жұмыс іздегендерден алдымен  900 доллар төлеулерін талап еткен. Шыққан шығынды екі есе қайтарып аламыз деген жәбірленушілер жұмысқа орналасу үшін әлгі компанияның талабына көнген.

Осылайша, күреп ақша табасыздар деп, 45 адамның құлақ құрышын қандырған компания өкілдері енді ақша алмадық деп отыр. Ал, алдандық дегендер 8-қазанда қолдарына өздері айтқан соманы, 900 долларды ұстаттық деп шырылдауда.

Компания менеджерлерінің айтуынша, кассаға түскен қаражатты әлдебіреулер жымқырып кетіп отырған көрінеді. Жұмысқа қабылданғандарына бір ай ғана болған қыздар ешкімді алдамадық деп азар да безер. Бір қызығы, қыздар жұмысқа орналасқалы басшылары көлеңкесін де көрсетпепті. Алайда, алданған жұрт олардың сөздеріне сенбей отыр. Олар, әлгі қыздарды кеңседен шығармай, ақшаларын қайтаруды талап етуде.

Шетелге барып, ақша табуды армандап, алданғандардың арасында қыз-келіншектер де бар. Олар тіпті, барлық жағдайы жасалған жұмыс орны туралы жарнаманы естіген соң, жұмыстарынан да шығып кеткен. Кейбіреулері қарызға батып, тағы біреуі несие алған. Ақыр соңында бәрі опық жеп, жер сипап отыр.

«Бізге осы айдың 27-сі Кореяға ұшасыңдар деп, артынан уақытын өзгертіп жіберді. Содан бүгін таңғы 10-да кетесіңдер деп сендірді. Айтқан уақыттарында келсек полиция отыр. Олар бізге сіздердің ақшаларыңызды ұрлап кетті деді»,- дейді Оңтүстік Кореяға бармақшы болып, алданған

Айбек Тұрымбетов.

Stan.kz
31 қазан 2018 ж. 887 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930