» » Ми диетасы

Ми диетасы


Нейробиолог әрі нутрициолог Лайза Москони өз кітабында (Диета для ума) миға керек қанттың мөлшері мен оның адам ағзасына пайдасы мен зиянын жан жақты талқылайды. Біздің миымыз өте белсенді. Ол үздіксіз қуаттауды керек етеді. Ал, энергияны адам глюкозадан алатынын бәріміз жақсы білеміз.  Адамның тәні мен миының айырмашылығы бар. Адам денесі майдан да, ағзадағы қанттан да энергияны өндіре алады. Ал, миға керегі тек глюкоза. Біздің ағзамыз – көлік. Ал, оның жанармайы – глюкоза. Табиғи көмірсуға бай тамақпен қоректенген сайын олар белсенді түрді глюкозаға айналады. Ол қанға сіңеді де, метоболизм үрдісінің жүруіне мүмкіндік береді.  Глюкоза гематоэнцефаликалық барьерден оңай өтіп, мидың миллиардтаған аш жасушасын қоректендіреді. Нейронутрициология ғылымындағы тұжырымға сенсек, глюкозаға айналатын табиғи көмірсулар – адам ағзасына зиян емес, олар ақыл-ойдың дұрыс жұмысына керекті элементтердің бірі.   Адам миының глюкозаға тәуелді екені соншалықты, өзге сахарозалардың түрін глюкозаға айналдыратын қиын үрдісті де эволюция барысында жасаған. Мысалы, жемістер мен балда бар фруктоза, сүт тағамдарынан алынатын лактозаны глюкозаға айналдыра алады. Дегенмен, тәттіге құмартып тұрсаңыз, сәл тоқтай тұрыңыз. Көмірсуды тағамнан алу, бәлішке немесе шоколадқа тойып алу дегенді білдірмейді. Глюкоза миға оңай жететін өнім екеніне қарамастан, оның да шектеуі бар.   Гематоэнцефаликалық барьерде арнайы «қант қақпасы» бар: олар ұсыныс пен сұраныс мехнизмі бойынша жұмыс жасайды. Егер ми өзіне қажетсіз санаса, глюкозаны қабылдайтын аймақты уақытша өшіріп қояды.   Глюкоза көбейсе, миым да жақсы жұмыс істейді деген ойыңызды бұл тұжырым жоққа шығарары анық. Артық глюкоза майға айналады. Ғылыми тілмен айтқанда, ми күніне 100 грамм ұлпаға 32 мкмоль  көлемінде глюкозаны жұмсайды. Яғни, мидың белсенді әрі сау болуы үшін адамға 62 грамм көлемінде глюкоза керек. Бұл көрсеткіш біреулер үшін көп болуы мүмкін, біреулер үшін аз. 62 грамм көп пе? Жоқ. Бұл күніне 250 ккалдан төмен. Дегенмен, міндетті түрде глюкоза болуы керек. Мысалы, 3 ас қасық бал бір күндік нормаға сәйкес келеді. Ал, шоколадты бәліштен дәл осы мөлшерде глюкоза алу үшін 7 килограмм жеу керек.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/54786/
01 қараша 2018 ж. 834 1

Гость Jeaplause от 5 ақпан 2019 06:16
Cialis Sans Ordonnance Suisse buy viagra online Trikatu Viagra Meccanismo Di Azione Viagra Limbiate Generic Cialis Review Online levitra Amoxicillin Keep In Freezer Achat Viagra En Ligne Buy Diflucan No Prescription viagra online pharmacy Zithromax Taken With Food Orlistat Without Prescription Online Pharmacy 24 cheapest cialis 20mg 5 Cc Dose Of Amoxicillin Pharmacie Online Viagra Discount Buy Orlistat Online Canada Amoxicillin Clav Warnings cialis vs viagra Viagra Fur Den Mann Kaufen Cialis Prix 20mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930