» » FACEBOOK-ТЫ 1 САҒАТҚА ӨШІРІП ТАСТАСА НЕ БОЛАДЫ?

FACEBOOK-ТЫ 1 САҒАТҚА ӨШІРІП ТАСТАСА НЕ БОЛАДЫ?

Өркениеттілік өлшемі – электр қуатында. Оны сөндіріп тастаса тас ғасырына қайта барғандай күй кешеміз. Ал, Facebook-ды өшіріп тастаса не болады? 
Мұндай эксперимент 2018 жылдың 3 тамызында орын алды. Нақтысын айтқанда, техникалық себептерге байланысты Facebook 45 минутқа ажыратылды. Бұл – ірілі-ұсақты ақпараттық порталдар мен сайттарға мекеремен бірдей болды. 
Неге десеңіз, біріншіден, бүкіл әлемдік трафик 2,3 пайызға өсті. Екіншіден, ақпараттық ресурсқа тікелей кірушілер 11 пайызға артты. Осы 45 минут ішінде түрлі қосымшаларды пайдалану 22 пайызға, іздеу қозғалысы 8 пайызға өсті. 
Осыдан-ақ, Facebook-тің ғаламдық деңгейде тұтыну нарығын анықтап, оның ақпарат таратудағы рөлін бағамдауға болатындай. Бұл дегеніміз, егер интернет менюден Facebook жоғалып кетсе, онда басқа әлеуметтік желіні іздестіруге тура келеді деген сөз.
Жалпы, Facebook қалай пайда болды? 2004жылыМарк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин,Дастин МосковицжәнеКрис Хьюзбенбіріге Facebook-тың негізін қалаған.
Сайттың алғашқы аты "TheFacebook" деп аталды. Ол тек Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды. КейінірекБостонның басқа жоғары мектептерінің студенттеріне де жол ашылды. Содан соң"edu" доменіндегі электрондық мекенжайы барАҚШ-тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды.
Бүгінде Facebook қолданушылар саны 1,55 миллиардқа жетті. Дерек көздеріне қарағанда, бір уақытта 500 миллион қолданушы әлеуметтік желіде отырғаны туралы мәлімет бар. Сол кезде Facebook-тің платформасында жүктелген видеолардың көрілімі 8 миллиардқа жетіпті. 
Міне, Facebook-тің қуатты ақпарат платформасы саналатыны осыннан. Бүгінде ақпараттық агенттіктер медиа нарықта өнімін өткізу үшін Facebook-қа жүгінеді...
04 қараша 2018 ж. 1 358 1

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 07:28
Achat Viagra Danger Cialis Belgique Sans Ordonnance Line Sale Tadalis Sx Soft generic levitra 40mg 2050 No Prescription Clavamox Viagra Sin Receta Precio

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031