» » Цукерберг Facebook-тегі жаңа өзгерістер туралы айтып берді

Цукерберг Facebook-тегі жаңа өзгерістер туралы айтып берді


Марк Цукерберг Facebook-тегі жаңалықтар таспасында бүгіннен бастап қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«Адамдар бізге үнемі Facebook-те жергілікті жердің жаңалықтарын көргісі келетінін жазады. Олардың айтуынша, жергілікті өңір жаңалықтары айналадағы проблемалардан, өмірге әсер ететін жағдайлар туралы хабардар етеді. Сол себепті бүгіннен бастап біз сіздің тұрғылықты өңіріңізге қатысты жаңалықтарды лентадан көбірек көрсететін боламыз», - дейді Цукерберг хабарламасында.

Оның айтуынша, Facebook-тегі өзгерістер алдымен АҚШ-та жүзеге асырылса, жыл соңына дейін басқа да елдерде іске аспақ.
Еске сала кетсек, бұған дейін Цукерберг әлеуметтік желі қолданушыларының туыстары мен достарының жарияланымы желіде жиі көрініп, жаңалықтар мен хабарламалар сирек көрінетінін айтқан болатын.
30 қаңтар 2018 ж. 834 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30