» » Ит талаған бала өлімі: Куəгер оқиғаның қалай болғанын айтты

Ит талаған бала өлімі: Куəгер оқиғаның қалай болғанын айтты

ÐÑ ÑалаÒан бала өлÑмÑ: ÐÑÉÐ³ÐµÑ Ð¾ÒиÒанÑÒ£ Òалай болÒанÑн айÑÑÑТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған маңындағы Мерекелік саяжайында 7 жастағы баланы ит талағанын өз көзімен көрген Самғат Мұратұлы қалай көмекке ұмтылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Самғат  екі питбуль  өз үйінің ауласында бос жүргенін көрдім дейді. Екі ит сол үйдің ауласынан шыққан бойдағы жолда 7 жастағы Марғұланға тап берген. «Итім үріп кетті. Далаға жүгіріп шықсам, жолда баланы екі ит талап жатыр екен. Біреуі аяқ жағынан, екіншісі басын тістеп, жұлмалап жатты. Үйден қолыма түскен темірді алып, иттерді ұра бастадым. Әрең дегенде бір ит кетті. Ал екіншісі оның артынан жүгірді. Балаға тұр, тұр үйге кір-кір деп едім, ол әйтеуір тұрды да жүгіріп кіріп кетті. Ал баланың бетіне қарау мүмкін емес. Бірден жедел жәрдем шақырдым.  Олар 15 минутқа  жетпей тез келді», - деді Самғат Мұратұлы. Самғат баланы  ит қалай талағанын  айтқаны туралы жазу мүмкін емес. Жан түршігеді.... Ал тұңғышынан айырылған әке  Сымбат Шектібаев ауласында жеті ит өсірген үйдің иесі мен иттердің иесі де жауапқа тартылсын дейді. Себебі, иттер Мерекелік саяжайында ұсталғанымен иесі қалада тұратын болып шықты. Сондықтан тек иттің иесі ғана емес, сол  иттерді ауласында  асыраған  адам да жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Себебі, питбуль тұқымдас иттерге саяжайда ешқандай жағдай жасалмаған дейді. «Иттері кешке дейін бос жүреді, жейтін тамақтары жоқ. Адам жейді мынаның иттері. Не үйлерінің қоршауы дұрыс емес, маңайдың бәрі ашық-шашық жатыр. Осындай жерде бір емес жеті итті асырау деген сұмдық қой.  Не иттердің дені дұрыс шынжырлары да  жоқ. Питбульдар тек сеткада тұруы керек. Құзырлы органнан үйдің иесін де, иттің иесін  заң алдында жауапқа тартуын өтінемін»,  - деді 7 жастағы Марғұланынан айырылған Сымбат Шектібаев.  Итке таланып қайтыс болған бала  отбасының тұңғышы болған. Марғұланның артында бес жастағы інісі қалды. Естеріңізге сала кетейік, екі пидбульға таланған бала 6 қараша күні сағат 17:00 шамасында Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен  2011 жылы туған оқушы 7 қараша күні сағат 13:35-те қайтыс болды.  Баланың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 104-інші, яғни «Абайсызда қазаға ұшырату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК-нің аталмыш бабына сәйкес, кінәлі тұлғаға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады. Алматы облыстық Полиция департаментінің өкілі Көбейхан Нұрахметов иттердің иесі анықталып, ол арнайы қолғатпен жіберілгенін айтты. «Тергеу облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында», - деді ол.

 https://www.inform.kz/kz/it-talagan-bala-olimi-ku-ger-okiganyn-kalay-bolganyn-aytty_a3453030
11 қараша 2018 ж. 892 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 13:21
Cialis 10 Mg Medicament Propecia Generic Levitra Healthy Man Generic Viagra Suppliers viagra online prescription Comprar Cialis Linea Propecia Caracas

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 01:57
Kamagra Vs Viagra No Prescription Needed Viagra Online Canadian cialis for sale Buy Ropropecia Online Valtrex Online Canada

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930