» » Ақтаудағы ауруханада дәрігерлер науқастың сау мүшесін алып тастаған

Ақтаудағы ауруханада дәрігерлер науқастың сау мүшесін алып тастаған

Ақтау тұрғыны отадан кейін өзінің мүгедек болып қалғанын дәлелдемек. Науқас отаға келісімін де бермеген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.



Анна Биктимирова жарығын алдырту үшін жекеменшік ауруханаға жатқан. Отадан кейін есін жиғанда өт қабының жоқ екенін білген. Дәрігерлердің айтуы бойынша, Ақтаулық тұрғын оны алып тастауға келісімін берген.

Егер мен өлім аузында жатсам, туысқандарыма хабарласыңыздар. Олар келісім береді. Қоңырау шалған жоқ. Дәрігер келіп, өт қабын алып тастадық деді. Мен: cіздер екі отаны жасаудың пайдасы жоқ деп едіңіздер ғой, не үшін? Неліктен оны істедіңіздер? деп сұрадым. Бірден жазылып кетіп, оларға қайтып келмеуім үшін.

Тегін медициналық көмек көрсету туралы кепілдік көлемнің аясында Анна Биктимироваға осы ауруханаға жолдама берілген. Әйел ауруханадан шыққан соң, өзін жайсыз сезіне бастаған. Дәрігерлер оған қазір қайта қалыпқа келу кезеңі жүріп жатқанын түсіндірген. Бірақ әйел 7 ай көлемінде жазылып кетуге тырысқан. Сосын үшінші дәрежелі мүгедек атанған.

Науқас өзі келісімін берді. Ота жасалды. Жағдайы жақсы күйінде ауруханадан шықты. Статистика бойынша, әлемде осыған ұқсас оталар 1000 рет жасалғанда бір-екеуі… Бірақ біз денсаулығының асқынып кеткенін онымен байланыстыра алмаймыз.

Денсаулық министрлігі келісімді зерттеді. Талаптардың бұзылғанын анықтады. Екі отада бір қағазға жазылған екен. Қазіргі уақытта мамандар әйелді қолдап, істі полицияға табыстады.

“Уақытша шеттетулер Австрия, Италиядағы зерттеулерге негізделген”, — деп жазылған хабарламада
.
Stan.kz

23 қараша 2018 ж. 561 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930