» » «Моңғол» сөзі қайдан шыққан?

«Моңғол» сөзі қайдан шыққан?

Қарақыпшақ Қобыланды жырында «Қырық мың үйлі Қият» жыры кездесетін. Ол кезде оған кім көңіл аударған?!«Қырық мың үйлі Қияттан» Шыңғыс ханның шыққанын кім білген?! Бірақ мен оқыған сол жырларда Моңғол екені айтылмайтын. «Моңғол» деген сөз де кездеспейтін.



Сондағы «Қырық мың үйлі Қият» қазақтың Керей, Найман, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт, Уақ, тағы басқа толып жатқан тайпа-рулары сияқты айтылатын және оқылатын. Біз солай түсініп өстік және кішкентай кезімізден олар қазақ деген ой-пікір қалыптастырдық.

Ол кезеңде қыпшақ-қазақтың әр тайпасында, тіпті руында хан сайлана беретін. Бұл қоғам санасының соншалықты дами қоймаған, феодалдық кезеңі емес пе?! Сонда қыпшақ-қазақ тайпалары (басқа түркі жұрты: өзбек, түрік, әзірбайжан, түрікмен, қырғыз, тағы басқалар бұл аймақта тіршілік кешпеген) тілі, дәстүрі бір болғанымен, жаз жайлауы, қыс қыстауы бөлек болғандықтан әрі арақашықтығы да біраз жерді алатындықтан, малын бөліп әкетісіп, біріне-бірі жауша қарайтын. Бірақ түптеп келгенде бәрі біртұтас халық болатын. Сондықтан Шыңғыс ханға қыпшақ-қазақ ханының түп атасы және әлемге аты шыққан ең ұлы қайраткері деп қарағанымыз жөн-ау.

Орыстың Александр Соловьев атты зерттеуші-терминологы әрі жазушысы өзінің «Речь терминов» деген кітабында былай дейді: «Так как народ Монголов нет, есть народ проживающий Халхинский Бурят, но есть в мире распространенный термин «Монгол». Если глубже изучить слово Монгол, то оно происходить от слово «Минкол», которое относится к туркоязычному народу, «Минкол» дает мысль на кипчакском языке «Тысячи рук» (46-бет). Академик В. Федотов та осы ойды құптайды. Мәселен, Шығыстағы ұлы көршіміз «Қытай» деген жібек матаның атымен аталады. Бірақ осыған қарамай, олар өздерін «ханьдықтармыз» немесе «хансулармыз» дейді. Кезінде Ұлы Жібек жолымен түрлі-түсті маталар Еуропаға дейін жеткен. Матаға қызыққан ел, осы матаны өндіретін елді «Қытайды шығарушы ел» деп атап кеткен. Өздерін «ұлы хань еліміз», «хансулармыз» деп жүрген жұртқа «қытай» сөзі жабысты да қалды. Тарихта матаның атымен Қытай елі болып аталды. Қорсынған да жоқ, намыстанған да жоқ, ақыры осы сөзді мойындап, өздеріне қабылдап алды. Сонда жылнамашының қате жазуынан қазақтың «Мыңқол» сөзінен «Моңғол» атанып кеткен далалық буряттар неге шындықтан қашып намыстанады?!

Бартольдтың томдарын аударыстырып отырсаң, осыдан мың жыл бұрын буряттар 2-3 мың ғана түтін екен. Түбіттей ғана аз ел империя тұрмақ, хандық құра ала ма? Дәстүрі басқа Буддаға табынатын жұрт өздерін түркілер деп сендірмек болады. Якуттар болса, бір жөн түркіге жататын. 


Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы. "Дидар" газеті

Baq.kz


23 қараша 2018 ж. 1 139 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930