» » Әз-Наурыз құтты болсын!

Әз-Наурыз құтты болсын!

Наурыз мерекесінің шығу тарихына тереңдесек, халқымыздың түп-тегін, қазақтың арғы атасын тануға да мүмкіндік аламыз. Бұл жайында түрлі нұсқадағы тарихи деректер келтіріледі. Соның шындыққа жанасатыны мынау: Ибраһим пайғамбардан Ысқақ, Смағұл деген екі ер бала тарайды. Қазіргі арабтар осы Смағұлдың ұрпағы, ал, Ысқақтан тараған ұрпақтар бүкіл түркі тектес халықтардың арғы тегі болып саналады. Осы түрік тұқымынан Табиғи деген ғұлама шыққан. Одан өрбіген ұрпақтар Махалла, Массагет, Кассах, Сах тайпаларына бөлінген. Сах тайпасынан шыққан елге беделді билеуші Аңсары деген кісі болыпты. Оның Халит деген ұлынан Аннас, Укас есімді екі ер бала туады. Укас өркен жайып, одан парсы, тәжік және ирандықтар мен кавказдықтар тарайды. Ал, Аннастан Мадат, Оқас, Ғажат, Сыбай деген төрт бала қалады. Мадаттан Өзбек, Ұйғыр, Ғағауыз, Қашқар, ал, Оқастан Түркімен, Балқар, Қарашай, Құмық туады. Ғажаттан Ноғай, Татар, Башқұрт халықтары тараған көрінеді. Ал, ең кенжесі Сыбайдан Алаш деген жалғыз бала болған. Алаштан Жайылхан, Сейілхан деген екі бала туады. Сейілханнан Қыпшақтардың арғы атасы тарайды да, Жайылханнан Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ (Разақ) ұлттары бөлініп шығады. Міне, Наурыз мерекесінің тарихының бастауын осы жерден түртпектеп шығаруға болады...
Енді бір деректерде Жайылханнан Майқы би, Майқыдан Құмиян, Тұмиян туады. Құмияннан Өзбек, Тұмияннан Алаш, Наурыз туады. Алаштан жоғарыдағы айтқан ұрпақ тарайды да, бірақ, Наурыз ұрпақсыз өтеді. Бауырлары Наурыздың аты ұмыт қалмасын деп оның есіміне көктем айындағы осы күн мен түннің теңесіп, дүниенің жаңаратын мезгілінде Наурызды естеріне алып, оған арнап көже пісіруді дәстүрге айналдырған. Міне, сол үрдіс кейін барша түркі халықтарына ортақ мерекеге айналып, бәйшешек гүлдеген уақытта Наурыз бабамызды, өзіміздің шыққан түп-тегімізді еске алатын күн болып ел жадында жазылып қалған.
Демек, бұл күн тек қазақ халқы, көрші-қолаң, ағайын туыстың ғана емес, барша түбі бір түркі жұртының туыстығы беки түсетін күні, татулық пен мейірбандықтың мерекесі екен.


21 наурыз 2018 ж. 1 387 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031