» » 4 тілді еркін меңгерген 8 жасар бала қазақ тілінде сұхбат берді

4 тілді еркін меңгерген 8 жасар бала қазақ тілінде сұхбат берді

8 жасар Захар Палаткин төрт тілді еркін меңгерген. Ата-анасы тек қана орыс тілінде сөйлегенімен, Захардың өзі қазақша мектепке барады. Әкесі Максим Палаткин ұлының тіл үйренуге деген әуестігін бала кезінде байқағанын айтады. Сондықтан ол мүмкіндікті пайдалана отырып, ұлын қазақша мектепке берген.

4 ÑÑÐ»Ð´Ñ ÐµÑкÑн меңгеÑген 8 жаÑÐ°Ñ Ð±Ð°Ð»Ð° ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÑÑлÑнде ÑÒ±ÑÐ±Ð°Ñ Ð±ÐµÑдÑ

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Ана мен бала” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Захар бүгінде қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.

“5 жасымнан бастап тілді үйрене бастадым. Әкем маған репетитор жалдады. Маған қазақ тілі мен түрік тілі жеңілірек. Өйткені олар ұқсайды”, – дейді Захар.

“Бала кезінен тілге деген қызығушылығын байқадым. 2 жасында шет тілдеріндегі әндерді қайталайтын. Содан тіл үйренуге деген қабілеті бар екенін түсіндім. Ол басқа тілдегі сөздерді жаттап, қайталап жүретін. Кез келген тілдегі қиын сөздерді бірнеше рет қайталап, жаттауға тырысатын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, оны қазақша балабақшаға жібердім. Жарты жылдан кейін ол қазақша сөйлеп кетті”, – дейді Захардың әкесі Максим Палаткин.
Захар бос уақытында ата-анасына қазақ тілін үйретеді екен. Ал үй тапсырмасын мектепте орындайды екен.
“Кейде егер түсінбей қалсақ, мұғалімнен немесе куратордан сұраймыз. Маған барлық пәндер ұнайды. Әсіресе, математика, информатика, ағылшын, қазақ тілі, әдебиет, спорт, жүзу”, – дейді Захар.

8 жасар бала бағдарлама барысында ағылшын тілінде өзі туралы айтып, түрік тілінде өлең оқып берді. Сондай-ақ, болашақта мұнымен шектелгісі келмейтінін айтты.

“Мен тағы неміс ті
лін білгім келеді. Өйткені мен өскенде мүмкін Германияға жұмыс істеуге барамын. Ал ол жерде ағылшын және неміс тілі керек. Ағылшын тілін білемін, әрі қарай дамыта беремін. Енді немісше білсем деймін. Ұшқыш болғым келеді”, – дейді Захар.

Кішкентай полиглоттың білетіні мұнымен бітпейді. Былтырдан бастап домбыра үйірмесіне баратын бала Қарақат Әбілдинаның алдында күй шертіп берді.

“Білімі мен қабілеті көп болса, болашақта өмірден өз орнын табу оңай болады. Өз ісінде қоғамға, мемлекетке пайдасы тисе болды. Жаны қалаған ісін тауып, сол бағытта дамыту”, – дейді Захардың әкесі.

Stan.kz
28 қараша 2018 ж. 892 3

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 15:00
Biomox Amoxicillin Liquid buy cialis Levitra 10 Mutuelle Generale

Гость Jeaplause от 3 наурыз 2019 20:18
Zithromax Order Online Buy Diflucan Without No Prescription Vetrinary buy viagra Propecia Coupons Abilify Cost Per Month Generico Cialis Roma

Stevnoix от 8 мамыр 2019 13:31
Achat Viagra 25 Mg Rx Pills Direct Buy Generic Plavix In Us online pharmacy Cialis Ohne Rezept Schweiz Donde Comprar Cialis En Antofagasta Kamagra Wo Kaufen Forum

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930