Сенат депутаты барлық балабақшаны қазақша қылуды талап етті
Сенатор балабақшаларда бөбектерді қазақша тәрбиелеуді талап етті. Сенаторлар елімізде бірінің жазуын екіншісі түсінбейтін ұрпақ қалыптаса ма деп қауіптеніп отыр. Сондықтан Мұрат Бақтиярұлы барлық балабақшаны тек қазақ тілінде және латын графикасына негізделген әліпбимен оқыту жүйесіне көшіруді ұсынды.Бақтиярұлы бұл істі бір күнге де кейінге қалдырмай, қазірден кірісу қажет деп отыр. Ұлтына қарамастан кез-келген ұл мен қыз балабақшада латын графикасына негізделген әліпбиден әріп тануы тиіс. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі қажет. Сонда қазақ тілі бүлдіршіннің санасына мықтап сіңеді.
Сенатор осыған байланысты барлық диаспораға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Ал ата-аналардың еркіне салсақ, болашақта латын графикасына негізделген әліпбиді меңгерген және кириллицамен әріп таныған, бірін-бірі түсінбейтін ұрпақ қалыптасуы мүмкін дейді депутат.
Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:
– Қазір қоғамды тағы бір мәселе алаңдатып отыр. Ол – латын әліпбиі тек қазақ тілді мектептерде ғана қолданылатын болсақ, күні ертең әр ата-ана балаларын өздері білетін тілдегі кириллица графикасымен орыс тіліндегі жұмыс істеп тұрған мектептерге берерлері қазірден де белгілі болуда. Түптің түбінде бұл келіп, қоғамға біреулері латын әліпбиін меңгерген, ал екінші тобы латын қаріпін білмейтін, тек кириллицамен ғана жұмыс істейтін топқа бөліп жібере ме деген мәселе алаңдатады. Бұл тұтас бір қазақ ұлтының тағы да тілдік негізде бөлшектеніп кетуіне әкеп соғатындай.