» » Жаңа әліпби: Апострофты ауыстырған акут таңбаларының артықшылығы неде?

Жаңа әліпби: Апострофты ауыстырған акут таңбаларының артықшылығы неде?


Елде түрлі пікірталас тудырған диграф пен дәйекше мүлдем қажет болмай қалды. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделген нақты нұсқасын бекітіп, тарихи жарлыққа қол қойды. Жаңа алфавитте 6 әріптің төбесіне үтір қойылған және бірнеше әріп біріккен. Жазылуы мен айтылуы қалай болады? Бұл туралы КТКхабарлады.


«Ш – SH,  Ч  – CH болып жазылады. Ал «хат» дегендегі «х» мен қаһарман сөзінде кездесетін «һ»-ның  рөлін жалғыз «Н» атқарады. Енді нақты нұсқа бекітілген соң елде жаппай ребрендинг науқаны басталғалы тұр. Бүгіннен бастап қарапайым халық, оқушы мен студентер тіпті  шенеуніктерге дейін жаңа әліпбиді дереу зерделеуге кірісті. Бірнеше жылда «Қазақстан» деген атаудан бастап бүкіл құжат, жарнама, ақша бәрі өзгеруі тиіс.
Ал авторлар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасын бұрынғыдай алдын ала жарияланған жоқ. Жаңа әліпби ресми бекітіліп, президент тарихи жарлыққа қол қойған соң ғана айтылып жатыр. Сонымен, соңғы әрі нақты нұсқада мынадай өзгерістер бар: 6 әріптің төбесіне акут қойылған. Яғни, А, G , N, О, U , У-уайдың жоғары жағында үтірі бар. Кейбір әріптер бірігіп кеткен. I сол күйде қалады. Егер осы әріптің басындағы нүктені алып тастасаңыз  – И мен қысқа Й шығады. Жұрт екі дыбыстың рөлін атқаратын осы «і»-ні бас әріппен жазғанда шатасамыз ба деп екіұдай пікірде. Бұған  авторлардың жауабы дайын.
«Бұл жерде контекстің өзінен анық болып тұрады қандай әріп екені. Өйткені, жақын туыстас әріптер ғой. Ирак пен ілгекке қарасаң, ол қай сөз екені көрініп тұрады ғой. «А» тұрған жағдайда «і» болуы мүмкін емес», – дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.
Яғни, әркім өзі ажыратып алады. Жалпы жаңа алфавите 32 әріп бар. Ал Э, Ю,Я, Щ, Ё, Ц әріптері мен  Ь, Ъ мүлдем жоқ.
«Осы жолы Ұлттық комиссия үлкен жұмыс атқарды. Мен мысалы техникалық топты басқардым. Біз сол апострофпен енгізгенде қандай проблемалар болатынын көтердік. Елбасы біздің, мамандардың айтқандарын естіп, осы жаңа нұсқаны енгізіп отыр», – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Бұл үшінші нұсқасы. Қазақ әліпбиі латын графикасына негізделсін деген тапсырма берілгенде мамандар алғашқыда диграфты нұсқаны ұсынды. Яғни, екі әріп біріктіріп бір дыбыс шығарған. Ол кезде жұрт жаппай «сәбіз» деген сөздің жазылуына көңілі толмаған. Кейін апострофты әліпби пайда болды. Онда әріптердің жанынан дәйекше қаптап кеткенін көрген көпшілік «биттеген» әліпби деп тағы жақтырмады.
«Апострофқа байланысты көптеген проблемалар, техникалық мәселелер болды. Ол халықаралық банк жүйесінде ол қабылданбай қалу не болмаса компьютерде зерттеу, тану кезінде ертең аралары бөлініп, бір сөз екі түрлі  болып кетуі мүмкін. Сол нұсқада ғалымдар акут үстіге шығарылғанда оқуға да, жазуға да ыңғайлы»,- дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев.
Бірақ, кейбір пысықайлар дәйекшесі бар әліпбимен көше, дүкендердің  атын ауыстырып үлгерген. Асыққандардың арасында әкімдіктер де бар.  Мәселен, Маңғыстау облысының әкімдігі маңдайшасындағы жазуды елден бұрын өзгертіп тастаған. Енді шенеуніктер сол тақтайшаны қайта ауыстыруы қажет. Осылайша, көптің көңіліне жақпаған диграф пен дәйекше де жарамсыз болып қалды. Ал келесі жылы мектептер пилоттық жоба ретінде бастауыш сыныптар латын графикасына негізделген әріптерді оқи бастайды.
Жалпы Үкімет акутті әліпбиге 2025 жылға дейін толық көшіп болуы қажет. Яғни осы кезге дейін іс қағаздары, құжат, көше атаулары мен жарнама  ақпарат құралдары барлығы латын әліпбиіне ауысуы міндет.


http://stan.kz
21 ақпан 2018 ж. 2 642 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 21:32
Buy Doxycycline Online 20mg viagra online prescription Dovobet Without Prescription Buy Strattera Online No Prescription Buy Alli Starter Pack

Гость Jeaplause от 10 наурыз 2019 15:01
Viagra Pillola Rossa Baclofene France Inter tadalafil cialis from india Kamagra Barcelona Propecia Ejaculation Benign Prostatic Hyperplasia

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031