Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпби туралы: Бұл тарихи маңызға ие оқиға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Елбасы Жарлығына қатысты твиттерде пікір білдірді. «2018 жылғы 19 ақпанда Елбасы қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи маңызға ие оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» деп жазады Сенат спикері.Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді. Ол бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа редакциясы бекітіліп отыр. Жаңалықтар / Руханият 20 ақпан 2018 ж. 1 257 0